Махамбет өлеңдерінің ерекшелігі

Сабақтың тақырыбы

Махамбет – егемен елдіктің өшпес рухы.

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы.

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Салыстыру
  • Топтастыру
  • Ой жинақтау
  • Көрнекілік

Көрнекіліктер

  • Махамбеттің портреті
  • Ақынға арналған сөздер
  • Бүкпе қағаздары
  • Көрме материалдары
  • Үлестірмелі перфокарталар

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік

Махамбет шығармашылығының тарихи негіздері туралы білімді жүйелеу, жинақтау және бекіту.

2) Дамытушылық

Тарихи деректерге сүйеніп тұжырым жасай білуге үйрету; ойды дерекпен және дәйексөзбен дәлелдеуге, өз пікірін қорғауға машықтандыру.

3) Тәрбиелік

Туған жерді аялау және қорғау сезімін тәрбиелеу; ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру, ұлттық намысты қалыптастыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушыларды ұйымдастыру.
  2. Сабақтың құрылымы мен мақсатын түсіндіру.

II. Мақсатты таныстыру және ой қозғау

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Мұхтар Шаханұлының «Төрт ана» тақырыбындағы өлеңінен үзінді оқылады.

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.

Әр адамда өз анасынан басқа
Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада.

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері — түп қазығы, айбыны;
Туған тілі — сатылмайтын байлығы;
Туған дәстүр, салт-санасы — тірегі;
Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы — еске алуға қаншама.

Ауыр әрі қасіретті болса да,
Төрт анаға әнін жалғай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана — тағдырыңның тынысы.

Төрт ана үшін болған күрес — күрестің ұлысы!

— Мұхтар Шаханұлы (өлеңнен үзінді)

Тарихи контекст

XVIII–XIX ғасырлар қазақ халқы үшін жер дауы, жер қайғысы, жер зары күшейген ауыр кезең болды. Осы тарихи жағдайда Махамбет Өтемісұлы елді бостандыққа жеткізуді мақсат еткен — әрі ақын, әрі батыр тұлға.

Оқушы білімін тексеру және бекіту тапсырмалары

1) Салыстыру (Венн диаграммасы)

I топ

Дулат Бабатайұлы мен Махамбет Өтемісұлының өзіндік ерекшеліктерін салыстырып жазу.

II топ

XVIII ғасыр әдебиеті мен XIX ғасыр әдебиетін салыстыру.

III топ

XVIII ғасырдағы тарихи жағдайды сипаттау.

2) Топтастыру тапсырмалары

I топ

Махамбет өлеңдерінің ерекшеліктерін топтастыру.

II топ

«Махамбет кім?» тақырыбында ұғымдарды топтастыру:

батыр шешен жырау жыршы абыз күйші әділ би ақын

III топ

Махамбеттің өлеңдерін (шығармаларын) топтастыру және жүйелеу.

3) Сәйкестендіру (семантикалық карта)

Төмендегі материалдар бойынша сәйкестендіру тапсырмасын орындау.

I топ (шығармалар)

  1. Ереуіл атқа ер салмай
  2. Қара қазан, сары бала қамы үшін
  3. Арыстан одан кім өткен?!
  4. Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны
  5. Мұнар күн

II топ (оқиғалар/деректер)

  1. Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс
  2. Махамбеттің түрмеге қамалған жылы
  3. Қиялымолада болған үлкен шайқас
  4. Исатай мен Махамбеттің хан ордасына екінші рет аттануы
  5. Ардагер ақынның дүниеден өткен жылы

III топ (тақырыптар мен авторлар)

  1. Бірінші тілек тілеңіз
  2. Ей, Абылай, Абылай
  3. Айныман
  4. Толарсақтан саз кешіп
  5. Соғыс

Тақырыптық бағыттар

  • Ерлікке үндеу
  • Отанға сүйіспеншілік
  • Исатайдың батырлығы
  • Ақынның ішкі сыры
  • Ханға наразылық
  • Махаббат тақырыбы

Кезеңдер мен даталар

XIX ғасырдың I жартысы 1829 ж. 1836 ж. 14 сәуір 1837 ж. 2 қараша 1846 ж. 1855 ж.

Авторлар

Бұқар жырау А. Құнанбаев Д. Бабатайұлы Шортанбай Кемпірбай М. Өтемісұлы

4) Тест

6 сұрақтан тұратын тест: әр сұраққа 4 жауап нұсқасы ұсынылады.

5) Ой жинақтау

I топ

Ақынның портреттік сипаттамасын жазу.

II топ

Махамбетке мінездеме жазу.

III топ

Ақын өмірі туралы негізгі деректерді жазу.

6) Рефлексия және шығармашылық жұмыс

Сұрақтар

  • Махамбеттің ерлігі мен ақындығы сізге ұнады ма?
  • Махамбеттей болуға қабілетіңіз жете ме?

Тапсырма

«Бес жолды өлең» әдісімен Махамбетке арнап өлең құрастыру.

7) Пікірталас

«Бүгінгі күннің Махамбеті болсам, кіммен немесе немен күресер едім?» тақырыбында пікірталас өткізу.

8) Мәнерлеп оқу

Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу, мазмұны мен идеясын қысқаша талқылау.

Сабақты қорытындылау

  1. Оқушы белсенділігін жинақтап, қорытынды жасау.
  2. Тақтаға ілінген ақын туралы пікірлерді оқып, түсіндіру.
  3. Жинаған ұпайлары бойынша бағалау.

Үй тапсырмасы

«Аттанып едім көп үшін…» тақырыбында шығарма жазу.