Оқып беру
Сабақ құрылымы
Бұл жоспар балалардың қоршаған орта туралы бастапқы түсінігін кеңейтіп, тәжірибе арқылы судың қасиеттерін байқап, қорытынды жасауға бағытталған.
I. Психологиялық дайындық
Тілді жаттықтыру:
Жер
Ер-ер-ер — дөңгелек жер
Су
У-у-у — мөлдір су
Ауа
Уа-уа-уа — таза ауа
Сұрақ
Осы жаттығудан қандай сөздерді естідіңдер?
жер су ауа
II. Сурет бойынша әңгіме
1) Жер (топырақ)
Педагог ыдыстағы топырақты көрсетеді: «Мынау не?» (топырақ). Жер бетіндегі топырақтан гүл, шөп, ағаш және басқа да өсімдіктер өсіп шығады.
2) Ауа
Ауа көзге көрінбейді. Терезені ашып, бөлмеге ауаның кіретінін байқаймыз. Ауаны жұтып, терең дем аламыз.
3) Су
Сұрақ: Су бізге қажет пе? Не үшін?
Сұрақ: Суда нелер өмір сүреді? (балық, бақа, жылан және т.б.)
Сұрақ: Қандай су көліктері болады? (қайық, кеме)
III. Тәжірибе
1) Судың дыбысы
Стакандағы суды жерге ағызамыз. Қандай дыбыс естиміз? Сылдырлайды.
2) Иісі мен түсі
- Судың иісі бар ма? Иіссіз.
- Түсі бола ма? Түссіз.
3) Мөлдірлік
Ыдыстағы суға темір саламыз. Ол көріне ме? Көрінеді. Демек, су мөлдір.
4) Түстің өзгеруі
Суға бояу қосамыз. Түсі өзгерді ме? Қандай түс шықты? (Балалардың жауабы)
5) Судың күйі: қар → су → мұз
Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс. Далада қар жатады. Күн жылынғанда қар мен мұз еріп, суға айналады. Қарды жылы жерге қойсақ — ериді, суға айналады; мұздатқышқа салсақ — қатып, мұзға айналады. Қарды алақанға салып ұстап тұрып, еріп суға айналатынын көрсетуге болады.
Қорытынды байқау
Су — түссіз, иіссіз, мөлдір және әртүрлі күйге ауыса алады.
IV. Сергіту сәті
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолың жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетің, маңдайың.
Тазалықтың досы — су,
Су дегенің — осы.
V. Жұмбақтар
1) Жұмбақ
Көк аспанда қалқиды,
Күннің көзін жабады.
Ол не?
Жауабы: бұлт
2) Жұмбақ
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
Ол не?
Жауабы: қар
VI. Ертегі: «Мейірімді бұлт»
Ертегіні оқып беру.
Мазмұнын түсіндіру.
Сұрақ-жауап арқылы бекіту.
Талқылауға арналған сұрақтар
- Бұлт неге «мейірімді» деп аталады?
- Жаңбыр табиғатқа қандай пайда әкеледі?
- Суды қалай үнемдей аламыз?
VII. Қорытынды
Судың да сұрауы бар. Сондықтан суды үнемдеп, таза ұстау қажет. Су жағасына қоқыс пен қалдық заттарды төгуге болмайды.
Әрекет
Үнемдеу
Суды босқа ағызбау.
Әрекет
Тазалық
Су көздерін ластамау.
Әрекет
Қамқорлық
Табиғатты қорғау.
Автор туралы мәлімет
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Б. Бегалиев атындағы орта мектептің ІІ санатты шағын орталық тәрбиешісі — Құрманғалиева Жаңыл.