Септік жалғау

Мәлімет

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Полатова Айнұр Мүслімбекқызы.

Сабақ тақырыбы

Септік жалғау

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Септік жалғаулары туралы теориялық білімді қайта жаңғырту және тереңдету.

Тәрбиелік

Ұлттық салт-дәстүрді бағалап, дәріптеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Жаттығулар арқылы тез ойлануға, жауапты жүйелі әрі тиянақты айтуға дағдыландыру; мәнерлеп оқуға баулу.

Сабақ сипаттамасы

Типі
Аралас сабақ
Түрі
Дәстүрлі сабақ
Көрнекілігі
Лингвистикалық кесте

Әдіс-тәсілдер және байланыс

  • Сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс
  • Үлестірмелі кеспе қағаздар, мәтінмен ауызша және жазбаша жұмыс
  • Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, халықтық педагогика

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Оқушылармен сәлемдесу.
  2. 2 Сабаққа қатысын тексеру.
  3. 3 Зейінді сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • 40-жаттығу.
  • Тәуелдік жалғау.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру

1) Тақтадағы сөйлем арқылы түсіндіру

Мысал сөйлем: «Инженердің жаңа жоспарынан біздерге тиетін көмек өте көп».

Септік Сұрақтары «бала» «шеге»
Атау кім? не? бала шеге
Ілік кімнің? ненің? баланың шегенің
Барыс кімге? неге? балаға шегеге
Табыс кімді? нені? баланы шегені
Жатыс кімде? неде? балада шегеде
Шығыс кімнен? неден? баладан шегеден
Көмектес кіммен? немен? баламен шегемен

Оқушыларға септік жалғаулары түсіп қалған жағдайда сөйлемдегі сөздердің байланысы әлсіреп, ойдың үйлесімі бұзылатынын тәжірибе арқылы байқату ұсынылады. Осылайша септік жалғауының сөздерді өзара байланыстырудағы қызметі айқын көрінеді.

2) Теориялық түсіндірме

Септік жалғау — сөйлемдегі сөздердің арасындағы синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі жалғанған сөзге әр түрлі грамматикалық мағына үстейтін, сөз бен сөзді байланыстыратын зат есімнің түрлену жүйесінің бір түрі.

Септік жалғауы да көптік және тәуелдік жалғаулары сияқты сөздерді өзара қарым-қатынасқа түсіріп тұратын грамматикалық категория болып саналады.

Септіктердің мағыналық қызметі

  • Атау: затты атап көрсетеді (кім? не?).
  • Ілік: меншіктілік, иелік қатынас (кімнің? ненің? қай?).
  • Барыс: бағыт, мақсат, мекен, мезгіл (кімге? неге? қайда?).
  • Табыс: қимылдың тура объектісі (кімді? нені?).
  • Жатыс: мекендік, мезгілдік мән (кімде? неде?).
  • Шығыс: шығу орны, себеп, материал, салыстыру (кімнен? неден? қайдан?).
  • Көмектес: құрал, тәсіл, амал, бірлестік (кіммен? немен?).

Мағынаны қысқа мысалмен бекіту

  • Барыс: үйге дейін (дейін/шейін, қарай, жуық т.б. шылаулар барысты қажет етеді).
  • Табыс: «Тақтаны сулы шүберекпен сүрту керек» (нені? — тақтаны).
  • Жатыс: ол мектепте болды.
  • Шығыс: Олар Мәскеуден келді.
  • Көмектес: Адам еңбегімен бағаланады.
Септік Жалғаулар
Атау жоқ
Ілік -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
Барыс -ға, -ге, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е
Табыс -ды, -ді, -ты, -ті, -ны, -ні, -н
Жатыс -да, -де, -та, -те, -нда, -нде
Шығыс -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен
Көмектес -мен, -бен, -пен

Жай септеу және тәуелді септеу

Жай септеу — септік жалғауының зат есімнің (немесе есім қызметін атқаратын сөздің) негізгі түріне жалғануы.
Тәуелді септеу — септік жалғауының тәуелдік жалғаулы тұлғаға жалғануы.

Жай септеу Тәуелді септеу
қалам қаламым
қаламның қаламымның
қаламға қаламыма
қаламды қаламымды
қаламда қаламымда
қаламнан қаламымнан
қаламмен қаламыммен

Негізгі қорытынды: септік жалғаулары сөздерді байланыстырады, мағына үстейді және буын үндестігі мен дыбыс үндестігіне қарай бірнеше вариантта қолданылады.

IV. Жаңа сабақты бекіту

Оқулықпен жұмыс

  • 41-жаттығу (ауызша)
  • 42-жаттығу (жазбаша)
  • 43-жаттығу (ауызша)
  • 44-жаттығу (ауызша)
  • 45-жаттығу (жазбаша)
  • 46-жаттығу (жазбаша)

Мәтінмен жұмыс (өлең)

«Толқын» (М.Жұмабаев)

Толқыннан толқын туады,

Толқынды толқын қуады,

Толқын мен толқын жарысады.

Күңіренісіп кеңеспен,

Бітпейтін бір егеспен

Жарысып жарға барады.

Толқын мен толқын сырласып,

Сырларын ептеп ұрласып,

Толқынға толқын еркелеп,

Меруерт көбікке оранып,

Жыландай жүзін бұралып,

Жарға жетер ентелеп.

45-жаттығу (барыс септігі)

Төмендегі сөздерге барыс септігінің жалғауын жалғап көшіріңдер де, жалғаудың неліктен әр түрлі болғанын түсіндіріңдер:

қалаға (қайда?) әкеме (кімге?) атасына (кімге?) күрекке (неге?) сағатқа (неге?) үйге (неге?) інісіне (қайда?) апама (кімге?)

46-жаттығу (септікті анықтау)

Көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауын қойып жазып, қай септік екенін анықтаңдар. (Абай өлеңінен үзінді)

Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсына,

Жайраңдасып жас күлер құрбысына.

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,

Жалбаңдасар өзінің тұрқысына.

Үлестірмелі кеспе қағаздармен жұмыс

1-кеспе

Берілген сөйлемді құрылысына және сөйлем мүшелеріне талдап, кездескен септік жалғауларын ажырат: «Қазақ баласын ағаш бесікке салып асырайды.»

2-кеспе

Сөйлемге морфологиялық талдау жаса: «Нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналатын салт-дәстүрдің бірі — шілдехана.»

3-кеспе

Сөйлемдегі септік жалғауларын ажыратып, асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса: «Асық ойыны баланы ептілікке, мергендікке үйретеді.» (Қазақ халқының салт-дәстүрлері)

V. Үйге тапсырма

  • Септік жалғау туралы түсінік.
  • 47–48-жаттығулар.

VI. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы, ауызша және жазбаша жауаптарының сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.