Шөптің суретін сал
Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабағында берілетін білім грамматикалық сауаттылықтың негізін қалайды. Сондықтан әр сабақ мазмұнды, теориялық тұрғыдан жүйелі, әдістемелік жағынан түрлендіріліп өткізілгені дұрыс. Оқушылардың сауатты жазуы мен орфографиялық қағидаларды меңгеруі де үнемі назарда болуы керек.
Сабаққа кіріспе ой
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызым мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Ж. Молдағалиев
Сабақ тақырыбы
Біріккен сөздер
Білімдік мақсат
- Кейбір сөздердің бірнеше түбірден құралып, бірігіп жазылатынын мысалдар арқылы түсіндіру.
- Жер-су атауларындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың сақталып жазылатынын меңгерту.
- Екі сөзден тұратын кісі аттарында қатар келген екі дауысты дыбыстың біреуі түсіріліп жазылатынын түсіндіру.
Дамытушылық мақсат
- Ауызша және жазбаша тілін дамыту.
- Сөздік қорын молайтып, байланыстырып сөйлеуін жетілдіру.
- Шығармашылық қабілетін арттыру және топпен жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелік мақсат
- Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
- Сауаттылықты және көркем жазу дағдысын қалыптастыру.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқу құралдарын түгелдеу, сабақтың мақсатын қысқаша таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы тақырып бойынша білімін нақтылау: сұрақ-жауап, қысқа жаттығу арқылы тексеру.
III. Жаңа сабақ (ертегі арқылы түсіндіру)
Ерте, ерте, ертеде Сөзстан деген елде бір ақсақал өмір сүріпті. Ол ақсақалдың аты – Күрделі сөздер екен. Оның үш ұлы болыпты: Біріккен сөз, Қос сөз, Қысқарған сөз. Біріккен сөз ынтымақта, бірлікте бақытты өмір кешіпті. Балалары да тату болып, бір-бірінен ажырамай, ұйымшыл болған екен.
Күрделі сөздер
- Біріккен сөздер
- Қос сөздер
- Қысқарған сөздер
Біріккен сөздердің түрлері (мысал салалары)
- Адам аттары
- Жер-су аттары
- Аң-құс аттары
- Өсімдік аттары
- Ойын аттары
Оқулықпен жұмыс
Тапсырма: әр сөздің неше түбірден құралатынын анықтау, біріккен сөз ретінде қалай жазылатынын дәлелдеу.
«Білгенге маржан»
Тапсырма: біріккен сөздердің арасына қосу (+) белгісін қойып жазыңдар (түбірлерін ажырату үшін).
- Қосқұдық
- Қаржал
- Ақтеңіз
- Ақтөс
Сергіту сәті
Оқушыларға теледидар бағдарламасы ұсынылады. Мақсат: атаулардан біріккен сөздерді тауып, қол соғу арқылы белгілеу.
| 08:00 | Жаңалықтар |
| 08:20 | Тілашар |
| 09:15 | Аңсар |
| 10:10 | Көзайым |
| 11:20 | Бағдаршам |
| 15:10 | Жетісаз |
| 15:45 | Жансусар |
| 18:40 | Баспасөз — 2005 |
| 19:40 | Қалаймақам |
| 20:20 | Ақжүніс |
| 21:05 | Көркем фильм: Ботагөз |
Тыңдағандарыңа көп-көп рақмет! Енді біріккен сөздерді тапқан сайын қол соғып белгілеңдер.
Дәптермен жұмыс
Ақ маңдай Алатаудың асқарынан,
Түрленген Тарбағатай тастарынан.
Дәрі үшін даярлайды шипа шөпті,
Бурабай, Баянауыл бастарынан.
Тапсырма: мәтіннен біріккен сөздерді тауып, астын сызу және дұрыс жазылуын түсіндіру.
Мақал-мәтел арқылы бекіту
Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады.
Сұрақ: қандай шөп аттарын білеміз?
Мысалдар: итмұрын, шайқұрай.
Шығармашылық жұмыс
Топтық тапсырмалар
- 1-топ: аңдардың атаулары
- 2-топ: құстардың атаулары
- 3-топ: жәндіктердің атаулары
- 4-топ: балықтардың атаулары
Дамытушылық тапсырмалар
- Таудың суретін салып, атауын жаз.
- Ағып жатқан бұлақтың суретін сал.
- Шөптің суретін сал.
- Балықтың суретін сал.
Сөздермен жұмыс
1-топ (сөздер)
Айнабұлақ, Алабота, Алабұға
2-топ (сөйлем құрау)
Аққу, Есдәулет
Қорытынды
Қорытынды сұрақтар: бүгін қандай тақырып өттік? Не үйрендік? Біріккен сөздердің жазылу ерекшеліктерін қалай түсіндірер едің?
Біріккен сөздерге мысалдар
Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
230-жаттығу.
Бағалау
Сабаққа тиянақты қатысқан оқушылардың жұмысы бағаланады: белсенділік, дәлелді жауап, дұрыс жазу және топтық жұмыс үлесі ескеріледі.