Қазақстан мемлекеті туралы білімдерін тереңдету
Сабақтың тақырыбы
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.
Мақсаты
- Қазақстан мемлекеті туралы білімін тереңдету.
- Болашақты жасайтын – қазіргі жастар екенін ұғындыру.
Оқу нәтижесі
- Мәтінмен жұмыс істеуге үйренеді.
- Өз білімін тәжірибеде қолданады.
- Сөздік қорын толықтырады.
Дереккөздер
- Ноутбук.
- «Атамекен» қысқаметражды фильмі.
- Оқулық.
- Сөздіктер.
Әдіс-тәсілдер
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
- Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану.
- Талантты және дарынды балаларды оқыту.
- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
- Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Сабақ барысы
1) Психологиялық дайындық: «Қала тұрғындары»
Мұғалім тренингтің барысын түсіндіріп, ойынды ұйымдастырады. Оқушылардан қазіргі көңіл күйін, сондай-ақ тренингтің маңызын қалай түсінетінін сұрайды.
2) Эпиграфпен жұмыс
Хормен оқу, мазмұнын талдау.
Өзіңдікі де Туың да,
От пен Ауа, Суың да.
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да!
3) Жаңа сөздермен жұмыс
Жұмыс жалпы сыныппен жүргізіледі: мұғалім оқиды, оқушылар қайталап айтып үйренеді, мағынасына назар аударады. Сөздердің қалай түсінілетінін байқау үшін оқушылар топта талқылайды.
Синонимдік қатарлар
- Ғалам
- әлем, жер жүзі, дүние жүзі
- Таныған
- білген, белгілі
- Болған
- мойындаған
- Тәуелсіз
- егеменді, еркін, дербес
- Заң
- ереже, қағида
- Қабылданды
- бекітілді
- Терезесі тең
- қатар, бірдей
- Тарады
- жайылды
- Жаңалық
- хабар
- Қолдады
- мақұлдады
- Іле-шала
- лезде, тез, жылдам
Талқылау сұрақтары
- Берілген сөздерді қай жағдайда қолдануға болады?
- Мағынасы ұқсас сөздерді сөйлем ішінде алмастырып көріңдер.
- «Терезесі тең мемлекет» тіркесін қалай түсінесің?
4) Мәтінмен топтық жұмыс
Оқушылар жұппен мәтінді оқып, талдайды: бір-біріне түсіндіреді, қажет болса аударады.
Мәтін
Қазақты ғалам таныған күн – 16 желтоқсан. Бұл күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды.
Ақ Жайықтан Алтайға, Атыраудан Алатауға дейін созылған ұлан-байтақ жер миллиондаған қазақтың Отаны ретінде мойындалып, Қазақстан терезесі тең мемлекет ретінде танылды. Енді ол – Қазақстан Республикасы.
1991 жылдың 16 желтоқсанында болған бұл жаңалық әлемге тез тарады. Дүниежүзінің ірілі-ұсақты мемлекеттері адамзат тарихында жаңа парақ ашылғанын қуана қолдады. Түркия бастап, іле-шала Канада, Бразилия, Үндістан, Румыния, Швеция, Норвегия, Египет, Израиль, Куба, сондай-ақ АҚШ пен Швейцария Қазақстанды таныды.
Тапсырма (топтық)
3-тапсырма: диалогті толықтыру.
5) Дәптермен өзіндік жұмыс
4-тапсырма орындалады. Оқушылар дәптерлерін өзара алмастырып, жұмыстарын тексереді.