Сатылай кешенді талдауға жасалынған Синоним сызбасы арқылы тапсырмаларды орындау

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Синоним

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: «Синоним» тақырыбы бойынша оқушылардың алған теориялық білімдерін бекіту.
  • Дамытушылық: суретпен және мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, сабаққа қызығушылық пен ізденімпаздық белсенділікті арттыру.
  • Тәрбиелік: мысалдар мен мәтіндер арқылы оқушыларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Сатылай кешенді талдау
  • Әңгімелеу

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта: Activ Board 78
  • Activote құрылғылары
  • Слайдтар, мамандық иелерінің суреттері
  • Тест, графикалық диктант

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  2. 2 «Тілек айту» тренингі.
  3. 3 Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Бүгінгі сабақтың мақсаты — Н. А. Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы арқылы саты-саты бойынша құрастырылған тапсырмаларды орындап, «Синоним» тақырыбын бекіту.

II. Тақырыпты бекіту

Сатылай кешенді талдауға арналған «Синоним» сызбасы бойынша тапсырмалар орындалады. Әр саты соңында қысқаша қорытынды жасалады.

1-тапсырма: Синонимдік қатар құрастыру

Берілген сөздерге синонимдік қатар жазу.

Саты 1

Сұлу

Әдемі, әсем, көркем, әрлі, ажарлы, шырайлы, келбетті, көрікті, реңді, өңді, т.б.

Қуану

Шаттану, масаттану, масайрау, мәздену, мазаттану, т.б.

Қорытынды: бір ұғымды әртүрлі сөзбен дәл және әсерлі жеткізуге болатынын байқаймыз.

2-тапсырма: Мәтінмен жұмыс

Қазақ тілі сабағында қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің сабақтастығын көрсету мақсатында «Мемлекеттік рәміздер» мәтіні алынады. Оқушылар мәтіндегі белгіленген сөздерге синоним айтады.

Саты 2

Мәтін: «Мемлекеттік рәміздер»

Мемлекеттік рәміздер — Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуындағы маңызды міндеттердің бірі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы — ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Қазақ халқы ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы — тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.

Синонимдер

Тәуелсіз
егеменді
Ту
байрақ
Заман
кезең, уақыт, дәуір
Ғұмыр
өмір

Тірек ұғым

Қыран — қырағы, көреген, жіті.

Қорытынды: мәтін мазмұны арқылы оқушы сөз мағынасының реңктерін ажыратып, тілдік қорын байытады.

3-тапсырма: Оқулықпен жұмыс (жұптық жұмыс)

Оқулықтың 21-бетіндегі 1.3-жаттығуды орындау. Тапсырма тест түрінде орындалып, жұппен тексеріледі және өзара бағаланады.

Саты 3

Мысалдар

  • Қысқа жіп, шолақ жең, келте шаш.
  • Үнемі басқару, ылғи кешігу.

Қорытынды: жұптық тексеру оқушылардың өзара жауапкершілігін арттырып, тілдік талдауды жүйелейді.

4-тапсырма: Сұрақ-жауап арқылы синонимдік қатар айту

Тапсырма мамандық тақырыбымен байланыстырылады.

Саты 4

1) Суретте кім бейнеленген?

Дәрігер. Синонимдер: ақ халатты абзал жан, емші, емдеуші, дарушы, дарымшы.

2) Дәрігер кімді емдейді?

Ауру, сырқат, науқас, кесел, дімкәс, дертті адам.

3) Ал мына суретте кім бейнеленген?

Мұғалім. Синонимдер: ұстаз, педагог, оқытушы.

4) Мұғалім кімді оқытады?

Оқушыны.

Қорытынды: сендер бүгін — оқушы, ертең — кәсіби маман иесісіңдер. Тапсырмалар тілді дамытуға ғана емес, өмірлік бағдарды айқындауға да ықпал етеді.

5-тапсырма: Графикалық диктант

Синоним сөздердің екі сыңарын табу.

Саты 5

Оқушылар берілген сөздерден мағынасы жақын жұптарды белгілеп, жауаптарын қысқаша негіздейді.