Балалар қазір қолдарыңдағы құралдармен ашық хат жасап, құттықтаужасаңдар
Сабақ туралы мәлімет
Астана қаласы, №64 мектеп-лицей. Бастауыш сынып мұғалімі — Бекжанова Бахтигүл Нұрмұхамбетовна.
Сабақтың тақырыбы
Құттықтау жазып үйренеміз.
Сабақтың типі
Бекіту сабағы.
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін және сөздік қорын кеңейту, сауатты жазу дағдыларын пысықтау.
Дамытушылық бағыты
Тез ойлап, тиянақты жауап беру, сыпайы сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мәні
Ұқыптылыққа, мәдениеттілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер және байланыс
- Сұрақ–жауап.
- Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, еңбек, музыка.
- Көрнекілік: құттықтау хаттар, пошта жәшігі.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз!
Қолымызды күнге қарай созып,
Күннен жылу, шуақты нұр аламыз.
Әуелі өз жүрегімізге береміз.
Қайтадан қолымызды күнге созып,
Қайта күш-қуат алып, бір-бірімізге сыйлаймыз!
Енді осы жылы лебізімізді бір-бірімізге хат арқылы жолдайық. Хат жазу үшін білімді әрі сауатты болу керек. Сондықтан білімімізді шыңдап алайық.
Музыка әуенімен хат тасушы Печкиннің тапсырмасы келеді. Ол оқушыларға бірнеше тапсырма дайындаған.
2) Печкиннің 1-хаты: тілдік тапсырмалар
- Берілген сөз тіркесінен сөйлем құрап жазу.
- Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету.
- Жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыру.
- Берілген сөйлемді сұраулы, лепті, хабарлы сөйлемдерге айналдырып жазып, соңына тиісті тыныс белгісін қою.
- Тасымал: 5 буынды сөз.
3) Печкиннің 2-хаты: ашық хат жасау
Балалар, қазір қолдарыңдағы құралдармен ашық хат жасап, құттықтау құрастырыңдар. Бұл тапсырмада технология пәнінің мұғалімі Гауһар Ақпазиевна көмектеседі.
Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арнап құттықтау хат жазамыз.
4) Сергіту сәті
Қысқа сергіту жаттығулары орындалып, сынып қайтадан жұмыс ырғағына түседі.
5) 2-жаттығу: мәтінмен жұмыс (сұрақ-жауап)
Мәтін бөлімдер бойынша оқылады, әр бөлімнен кейін сұрақтар қойылады.
- Мәтін кім туралы?
- Нұрбол қандай үйірмеге қатысқан?
- Нұрбол қандай жүлдеге ие болған?
- Нұрболды кім құттықтаған?
- Нұрболды қалай құттықтағанын мәтіннен кім тауып оқып береді?
- Содан бері Айдын қандай үйірмеге бара бастаған?
- Айдынның басты арманы қандай?
Жазба жұмысы: дәптерге Айдынның Нұрболға арнаған құттықтау сөзін жазу.
6) 3-жаттығу: мәтінмен жұмыс және хат түрлерін ажырату
- Алмастың мектебінде қандай мереке болды?
- Ол мерекеде оқушылар не істеді?
- Үйге келгеннен кейін Алмастың есіне кім түсті?
- Андрей қайда тұрады?
- Алмас Андреймен қашан танысқан?
- Алмастың ойына не келді?
- Ол кіммен ақылдасты?
- Анасы қандай ақыл айтты?
Талқылау
Алмас Андрейге хаттың қай түрін жазды? Ал жеделхат пен ашық хаттың айырмашылығы қандай?
Негізгі ұғым: жеделхат
Жеделхат қашықта тұратын адамға бір хабарды шұғыл түрде тез жеткізу үшін жазылады. Мәтіні қысқа, нақты, сөйлемдері ықшам болады.
Хаттың маңызы
- Хат — ақпарат тасымалдаудың бір түрі.
- Хат — ақпарат көзі.
- Хат жазба түрінде сақталып, тарихи мұрағатқа айналуы мүмкін.
- Қазіргі технология дамыған заманда хабарды тез жеткізудің өзге тәсілдері бар — оларды атап, талқылау.
7) Қорытынды
Хат жазар алдында ойымызды жинақтап, мазмұнын талқылап, іштей жоспарлап, жазу ережелерін еске түсіріп алғаннан кейін ғана жазуға кіріскен дұрыс. Әр хаттың өзіне тән ерекшелігі бар екенін білдік.
8) Үй тапсырмасы
Үйде Печкиннің электрондық поштасына жеделхат жазып жіберуге болады. Әрине, ата-ананың көмегі қажет.
9) Қорытынды ән-өлең
Құттықтауды, хатты, ашық хатты өлең жолдарымен де жеткізуге болады. Оқулықтағы 5-жаттығуға назар аударып, іштей оқып шығып, кейін бәріміз бірге құттықтау өлеңін орындаймыз.