Ана еңбегін ардақтаған, Біздің совет заңы ғана
Апама
Әлпештеген, аялаған,
Ардағым деп, апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Қуанышыңды құттықтаймын.
Көкірегіңді жастанып ап,
Талдырушы ем қолыңды мен,
Деген сөзің қалқам, шырақ ,
Кетер емес көңілімнен.
Көңіл хошым, көз нұрым деп,
Қолым қақпай еркелеттің.
Жаман болсаң сен – сорым деп,
Жақсылыққа тағы үйреттің.
Тәттің болса таңдайыма
Тосушы едін, өзің татпай.
Қиындықтың қандайына
Төзуші едің, кірпік қақпай
Кір шалдырмай кекілімді,
Жуушы едің, тарап күнде.
Құлыным деп сүйіп мені,
Басушы едің жүрегіне.
Апатайым, айналайын,
Менің үшін не көрмедің.
Сендей болып бала жайын
Ұға білсін жеңгелерім!
Ана еңбегін ардақтаған,
Біздің совет заңы ғана.
Ана орденін беріп саған,
Деп атады Даңқты ана!
Бұл қуаныш, бұл бақытты,
Апатайым, кім ұмытад.
Бақыт берген ұлы адамды,
Барлық әлем қадір тұтад.
Апатайым сол ана – сен,
Сені бүкіл дүние көрсін!
Қамқоршымыз партиямен
Даңқымыз да арта берсін!
Стиль - стилистиканың негізгі орталық ұғымы
Бауыржан Момышұлы шығармашылығы және қазақ әдебиетімен байланысы
Публицистика жайында
Үмбетей жыраудың творчествосы
Алашорда және қазақ әдебиеті
Бауыржан Момышұлы туралы деректер
А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары жайлы
Күләш Бәйсейітова
Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға
Қажыбай Мәндібайұлының діни қызметі
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
ДОМАЛАҚ АНА
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Жаңа заман талабы
Бас тоғанның негізделуі, Арыс-Түркістан каналын суғару мақсатында пайдалану және су әкету
Пайда, оның экономикалық мазмұны, түрлері және анықтау әдістері «Қостанай минералдары»
Негізгі қорлардың амортизациясын анықтау әдістері және олардың кәсіпорынның негізгі капиталын жаңартудағы ролі
Локомотив құралдарын қалпына келтіру, жөндеу және жаңаша жабдықтау «Жолбарыс» ЖШС-не қысқаша сипаттама туралы
БАЙСЕЙІТОВ Қанабек