Тау жынысы
Ақтөбе облысы · Ақтөбе қаласы · «Сымбат» жеке мектебі
І санатты мұғалім: Макуова Нуршат Аманқосовна
Сабақтың тақырыбы
Майда тау жыныстары
Сабақтың мақсаты
Білімділігі
Майда тау жыныстарымен таныстыру, олардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Алған білімді жүйелеу, бірлесіп жұмыс істеу және бір-біріне қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы
Ойды ашық айтуға, пікірін дәлелдеуге үйрету; шығармашылық қабілетті арттыру. Тапсырмалар мен сұрақтар арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі
Табандылыққа, ұқыптылыққа, зеректікке, байқағыштыққа баулу. Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Ой қозғау
- Топтастыру
- Кесте толтыру
- Жүргізіп оқу
- Тәжірибе жасау
- Тест
- Өзін-өзі жетілдіру
Көрнекіліктер
- Суреттер мен сызбалар
- Сөзжұмбақ
- Көшпелі және магнитті тақта
- Тірек сызбалар
- Табиғат бұрышы
Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- Қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау, бағалау
Үй тапсырмасы бөлімдер бойынша әңгімеленеді:
I бөлім
Тау жыныстары
II бөлім
Граниттің ерекшелігі
III бөлім
Құмтастың пайдасы
III. Үй тапсырмасын қорытындылау
Сөзжұмбақ сұрақтары
- 1) Құм түйіршіктері бірігіп, қатып қалуынан пайда болатын тау жынысы — құмтас.
- 2) Жер қыртысының терең қойнауында орналасқан қатты, тығыз тау жынысы — гранит.
- 3) «Гранит» сөзінің қазақша атауы — түйіршікті.
- 4) Бидайды ұнтақтап, ұн қылатын құрал — диірмен.
- 5) Қазақстанның батысында өндірілетін сұйық пайдалы қазба — мұнай.
IV. Жаңа сабақ
«Ерекше торкөз» әдісі арқылы жаңа тақырып ашылады: «Майда тау жыныстары».
1) Мұғалім түсіндірмесі
Майда тау жыныстары туралы негізгі мағлұмат беріледі.
2) Тәжірибе жасау
Құм мен саздың су өткізгіштік қасиетін тәжірибе арқылы анықтау.
3) Оқулықпен жұмыс
Жаңа тақырыпты оқыту, мазмұнын талқылау.
4) Сергіту сәті
Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерің шынықсын,
Саналарың тынықсын.
5) Тақтамен жұмыс
- Құм мен саздың ұқсастығы қандай? Айырмашылығы неде?
- Майда тау жыныстарының қасиеттерін анықтап, кестені толтыру.
- Тәжірибе нәтижесін қорытындылау.
Құм туралы түсінік
Сағыз өңірінің жері құмды. Нөсер жаңбырдан кейін балшықтың болмауы жер қабатының суды тез сіңіретінін көрсетеді. Демек, құм суды тез сіңіреді.
Саз туралы түсінік
Атырау өңірінің жері сазды. Жаңбыр жауса, жер тез балшыққа айналады, өйткені су жерге оңай сіңбейді. Демек, саз суды баяу сіңіреді.
6) Кестені толтыру
| Тау жынысы | Түсі | Қаттылығы | Суда ерігіштігі | Суды қабылдауы (сіңіруі) |
|---|---|---|---|---|
| Құм | Ақ, қара, сұрғылт | Түйіршікті, қатпайды | Ерімейді | Тез сіңіреді |
| Саз | Ақ, қара | Майда, қатады | Ериді | Баяу сіңіреді |
7) Топтастыру: құм мен саз қайда қолданылады?
Құм
- Кірпіш құю
- Әйнек дайындау
- Үй мен жер сылау
- Цементке қосып, құрылысқа пайдалану
Саз
- Бағалы ыдыс-аяқ жасау
- Саман тас басу
- Кірпіш құю
- Құрылыс жұмыстарына пайдалану
8) Дәптермен жұмыс
Тау жыныстарының су өткізгіштік қасиеті:
- Құм — суды бойына тез сіңіреді (жақсы өткізеді).
- Саз — суды баяу өткізеді.
9) Тест жұмысы
Оқушылар дұрыс жауапты шаблондар арқылы көрсетеді.
1) Ненің түйіршіктері сусып, бір-бірімен байланыспайды?
- а) саздың
- ә) құмның
2) Таза құмнан не дайындайды?
- а) әйнек
- ә) цемент
3) Өте майда тау жынысын ата:
- а) гранит
- ә) саз
4) Құмнан не түзіледі?
- а) әктас
- б) құмтас
V. Сабақты қорытындылау
Өзін-өзі жетілдіру: үйден алдын ала дайындалып келген оқушылардан жаңа сабақ бойынша сұрақтар алынып, жауаптары тыңдалып, қорытынды жасалады.
Табиғат бұрышы: материалдармен таныстыру және бақылау жүргізу.
VI. Үйге тапсырма
а)
Мәтінді мазмұндау.
ә)
Құм және саз туралы бес жолды өлең құрастыру.
VII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және жауап беру белсенділігі бойынша бағаланады.
Ақтөбе облысы · Ақтөбе қаласы · «Сымбат» жеке мектебі
І санатты мұғалім: Макуова Нуршат Аманқосовна