Мәліметтер қорын тұрғызу принциптері
Мәліметтер қорын тұрғызу принциптері. МҚ кестесін құру. МҚ кестесі параметрлерін орнату
Бұл материал мәліметтер қорын (МҚ) жобалаудың негізгі қағидаларын түсіндіреді, сондай-ақ псевдоним (alias) және МҚ кестесін құру, кесте параметрлерін дұрыс орнату дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
- Псевдоним (alias) құруды және мәліметтер қоры кестесін жасауды үйрету.
- Мәліметтер қорын тұрғызу принциптерімен таныстырып, оларды бағдарламалауда қолдану ерекшеліктерін көрсету.
2) Дамытушылық
- Теориялық білімді тәжірибеде орындау дағдыларын шыңдау.
- Танымдық белсенділікті және ақпараттық мәдениетті арттыра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3) Тәрбиелік
Студенттерді тиянақтылыққа, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа және шапшаңдыққа тәрбиелей отырып білім беру.
Сабақтың сипаттамасы
Түрі мен типі
- Сабақтың типі
- Аралас сабақ
- Оқыту технологиясы
- Жобалау әдісі
Әдістері мен ресурстары
- Оқыту әдістері
- Тестілеу, баяндау, студенттің өзіндік жұмысы
- Көрнекілігі
- ДК, интерактивті тақта, ADO Tester тест қабықшасы
- Пәнаралық байланыс
- Ағылшын тілі, математика, информатика
Сабақтың барысы
-
1) Ұйымдастыру кезеңі
3 минутАмандасу, оқушыларды түгендеу, кабинет тазалығын қадағалау.
-
2) Үй тапсырмасын тексеру
10–15 минут«Графикалық файлдар форматтары. Графикалық ақпараттарды кескіндеу компоненттері» тақырыбы бойынша шығармашылық жұмысты интерактивті тақтада қорғау.
-
3) Жаңа тақырыптың мақсаты мен міндеттері
Мәліметтер қорын тұрғызу принциптерімен таныстыру және alias пен МҚ кестесін құруды үйрету.
-
4) Жаңа тақырып
15 минутМәліметтер қоры — ақпаратты сақтайтын файлдар жиынтығы. Мәліметтерді қолданатын бағдарламаның сипатына, мәліметтердің орналасуына, сондай-ақ бірнеше қолданушы арасында мәліметтерді бөлу тәсіліне қарай мәліметтер қоры локальды және алыстатылған болып екіге бөлінеді.
Локальды МҚ
Мәліметтер (мәліметтер файлы) бір құрылғыда орналасады: компьютердің дискісінде немесе желілік дискіде (желіде жұмыс істейтін басқа компьютердің дискісі).
Мысалдар: dBase, FoxPro, Access, Paradox.
Алыстатылған МҚ
Мәліметтер (файлдар) алыстатылған компьютерде орналасады және әдетте сервер арқылы басқарылады.
Мысалдар: Interbase, Oracle, Sybase, Informix, Microsoft SQL Server.
Негізгі ұғымдар
- Жазба — бір объект туралы ақпаратты сақтайтын деректер жиынтығы.
- Өріс — жазба ішіндегі жеке мән (мысалы, аты-жөні, күні, саны).
- Барлық жазбалар бірдей өрістерден құралады, бірақ кейбір жазбаларда жекелеген өрістер бос болуы мүмкін.
Мәліметтер қорын кесте түрінде қарастырсақ, онда: әрбір қатар (жол) — жазбаға, ал әрбір ұяшық — өріске сәйкес келеді. Бір бағандағы ұяшықтардың өрісі ортақ болады.
Кестенің әрбір бағанына (мәліметтер қорының өрісіне) қайталанбайтын атау беріледі, ал әрбір қатарға жазба нөмірі тағайындалады.