Жергілікті желілер
Пән мұғалімі: Байғазы Арай (информатика)
Сабақ тақырыбы: Компьютерлік желінің негізгі түрлері. Жергілікті желілер. Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Оқушыларға компьютерлік желі түрлері (жергілікті желі, Интернет) туралы түсінік беру.
- Байланыс хаттамаларымен және желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялармен таныстыру.
Дамытушылық
Компьютерлік желілер туралы түсінік қалыптастыра отырып, оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін толықтыру және жүйелеу.
Сабақтың өту барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа дайындықтарын тексеру.
- Құрал-жабдықтарды тексеру.
2) Үй тапсырмасын сұрау
Программалау жүйесі бойынша негізгі түсініктерді сұрау және қысқаша талқылау.
3) Өткен сабақты қайталау (сұрақтар)
- LineTo және LineRel процедураларының айырмашылығы неде?
- Шеңбер салу операторын атаңыз.
- Arc процедурасы не үшін қолданылады?
- Эллипс салу операторының жазылу форматы қандай?
- Rectangle процедурасы қандай мақсатта қолданылады?
- SetTextStyle процедурасы қандай қызмет атқарады?
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру
Слайдпен жұмысТақырып: Компьютерлік желінің негізгі түрлері
Компьютерлік желілер: негізгі ұғымдар
Компьютердің жүйелік блогында ішкі және сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы қосқыштар — порттар болады. Порттар қосылу тәсіліне қарай екіге бөлінеді: тізбекті және параллель.
Желі қалай құрылады?
Егер екі немесе одан да көп компьютерді порттары арқылы өзара байланыстыратын болсақ, олардың арасында ақпарат алмасу мүмкіндігі пайда болады. Осындай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрайды.
Анықтама
Компьютерлік желі — ресурстарды (диск, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану үшін бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер жиынтығы.
Желілердің түрлері (масштабы бойынша)
Жергілікті желі (LAN)
Ең шағын желілер жергілікті деп аталады. Олар бір ғимарат, кабинет немесе ұйым ішіндегі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады.
Корпоративтік есептеуіш желі
Масштабы бойынша келесі деңгей — корпоративтік желілер. Мұндай желілер ірі мекемелерде, банктерде және олардың филиалдарында, сақтандыру компанияларында, бұқаралық ақпарат құралдарында құрылады.
Аймақтық есептеуіш желі
Егер желі белгілі бір елдің аймақтық деңгейіндегі компьютерлерін біріктірсе, ол аймақтық есептеуіш желі деп аталады. Байланыс арнасы ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз серіктік байланыс қолданылуы мүмкін.
Телекоммуникациялық есептеуіш желі
Үлкен қашықтықтарды қамтып, пайдаланушылар саны көп болатын желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілер деп аталады. Олар өзара байланысқан бірнеше жергілікті желілерден құралады және ортақ аппараттық, ақпараттық, программалық ресурстарды ұжымдаса пайдалануға мүмкіндік береді.
Негізгі артықшылық
Телекоммуникациялық желілер пайдаланушының орналасқан жеріне қарамастан, ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге және желіден қажетті мәліметті уақытында алуға мүмкіндік береді.
Телефон желісі арқылы қосылу және модем
Қашықтағы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады.
Модем дегеніміз не?
Модем (атауы Модулятор және ДЕМодулятор сөздерінен шыққан) — таратушы жақта компьютердегі сандық сигналды үзіктелген аналогтық сигналға айналдыратын, ал қабылдаушы жақта осы сигналды кері түрлендіретін құрылғы.
Модем не үшін қолданылады?
- Аймақтық және коммерциялық желілерге қосылу.
- Интернетке шығу.
- Электрондық поштаны пайдалану.
- Тақырыптық конференцияларға қатысу.
Интернет туралы қысқаша
Анықтама
Интернет (ағылш. Internet — желіаралық байланыс) — бүкіл әлем бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.
Өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерлерден құралған біртұтас ақпараттық кеңістік Интернет деп аталады.
Материалды толықтыру қажет болса, сабақтың толық нұсқасын жүктеу бөліміне сілтеме беріңіз.
Толық нұсқасын жүктеу