Көксерек Қараадыр ауылында
Сабақтың тақырыбы
М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың мақсаты
- Әңгіменің мазмұны арқылы кейіпкерлердің іс-әрекетін және автордың көзқарасын терең пайымдау.
- Оқушылардың қызығушылығын оятып, мағынаны тану, ажырату, ой толғау дағдыларын қалыптастыру және шығармашылық қабілетін дамыту.
- Табиғатты қорғауға, аялап күтуге және адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ сипаттамасы
- Сабақтың түрі
- Білімді бекіту, сын тұрғысынан ойлау сабағы
- Сабақтың әдісі
- Сұрақ-жауап, талдау, іздену және басқа да әдістер
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта, сызбалар, үлестірмелі қағаздар
- Пәнаралық байланыс
- Тарих
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Оқу құралдарын тексеру.
- Сынып тазалығына назар аудару.
- Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
II. Бекіту: 3 кезеңді құрылым
Бүгінгі жұмыс үш кезеңге құрылады: Талдау, Жалғау, Самғау.
I кезең — Талдау
Негізгі сұрақ
Шығарманың авторы: Мұхтар Әуезов
Тақырып пен идея
- Тақырыбы: қасқырдың мінез-құлқы және өзіне тән табиғи қасиеттері
- Идеясы: адам мен табиғат арасындағы байланыс пен түсіністік
Медиа жұмыс
«Қасқырлар» тақырыбындағы бейнематериалды көру және әсермен бөлісу.
Композициялық жоспар
- Оқиғаның басталуы: қасқыр мекені, бөлтіріктер тағдыры
- Байланысы: Көксеректің ұяластарымен табысуы
- Дамуы: Қараадыр еліндегі мазасыздық
- Шарықтау шегі: Құрмаштың қазасы
- Шешімі: Көксеректің жазасын тартуы
II кезең — Жалғау
Бейнематериал
«Көксерек» (1 минут) үзіндісі арқылы әңгіменің желісін шолу.
Фильм туралы деректер
Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» шығармасы желісімен түсірілген көркем фильм 1973 жылы көрерменге жол тартты. Бүкілодақтық тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеуде өтті. 1974 жылы Бакудегі Бүкілодақтық кинофестивальде бірінші жүлдені иеленіп, Швейцарияның Локарно қаласындағы кинофестивальде құрмет грамотасымен марапатталды.
Қызықты деректер
- Фильмге хайуанаттар бағынан жас қасқырлар алынған.
- Көксерек рөлін екі қасқыр сомдаған; екеуі де түсірілім үшін Мәскеуден арнайы әкелінген.
- Қойға қасқыр шабу көрінісіндегі қылшық жүнді, теген құйрықты қойлар Мал шаруашылығы институтының тәжірибелік отарынан алынған.
- Түсірілім Қырғыз тауларының баурайында, Ыстықкөл жағалауында жүргізілген.
Оқиға мазмұны бойынша тірек ұғымдар
- Көксеректің Қараадыр ауылындағы кезеңі.
- Көксерек — түз тағысы.
- Жекпе-жек көріністері.
III кезең — Самғау
Сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылар жазушыны, шығарманы талдап, баға береді де, алған әсерін жүйелейді. Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап ой қозғайды:
- Жазушымен сырласу
- Табиғатқа тіл қату
- Адамдарға үн қату
Топтық тапсырмалар
Тапсырмалар оқушылардың талдау, салыстыру, дәлелдеу және шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға бағытталады.
1-топ: «Кубизм» әдісі
Кубиктің түскен қырына сәйкес сұраққа жауап беріледі.
- Суретте: Көксеректің портретін сипаттаңыз.
- Салыстыр: дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.
- Зертте: қасқыр туралы тағы қандай шығармаларды білесіз?
- Қолдан: ел адамдары Көксерек туралы не дейді?
- Дәлелде: Көксеректі жауыздыққа итермелеген, Құрмашқа ауыз салдырған қандай жағдайлар?
- Талда: Көксеректің қатыгездігі қай тұстарда айқын көрінеді?
2-топ: «Бес жол өлең» (Синкуэйн)
Тақырып: Қасқыр
- Қасқыр
- Жыртқыш, қомағай
- Ұлиды, шабуылдайды, жортуылдайды
- Қасқыр — түз тағысы, табиғаттың перзенті
- Бөрі, көкжал
Тақырып: Аңшы
- Аңшы
- Қырағы, сақ
- Атады, көздейді, аулайды
- Аңшы қансонарда аңға шығады
- Мерген
3-топ: Венн диаграммасы
«Адам әлемі» мен «табиғат әлемі» (немесе «дала қасқыры» мен «Көксерек») ұқсастықтары мен айырмашылықтарын Венн диаграммасы арқылы көрсетіңіз.
- Ортақ белгілерін анықтаңыз.
- Айырмашылықтарды дәлелмен жазыңыз.
- Қорытынды ойды 2–3 сөйлеммен түйіндеңіз.
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Бағалауды топ басшылары жүргізеді: жауаптың нақтылығы, дәлелдің орнықтылығы, топтық жұмысқа қатысу белсенділігі ескеріледі.
Үйге тапсырма
«Көксерек — табиғаттың тағы перзенті» тақырыбына шығарма жазуға дайындалу.
Тіршілік иесіміз бәріміз де,
Сүруге өмір құқылымыз әлі біз де.
Сақтайықшы табиғат заңдылығын,
Сабақ болсын Көксерек — тағы бізге!
Шаттыққа шырқалса екен әніміз де!