Жабық тұқымды өсімдіктерді қорытындылау

Сабақтың тақырыбы

Өсімдіктер әлемінің дамуы. Эволюцияны өсімдіктердің күрделену үдерісі ретінде түсіндіру. Жабық тұқымды өсімдіктер тарауын қорытындылау.

Сабақтың мақсаты

Өсімдіктердің дамуы мен эволюциясы туралы түсінік қалыптастыру; жабық тұқымды өсімдіктер тарауы бойынша білімді Блум таксономиясы арқылы қорытындылау.

Сабақтың міндеттері

  • Жабық тұқымды өсімдіктердің негізгі белгілерін және маңызын анықтау.
  • Өсімдіктер әлемінің эволюциялық дамуы туралы базалық түсінік беру.

Күтілетін нәтиже

  • Өсімдіктердің даму эволюциясын біледі.
  • Жабық тұқымды өсімдіктер тарауы бойынша өз білімін бағалай алады.

Оқыту тәсілдері мен қолданылатын технологиялар

  • Жеке жұмыс және деңгейлік тапсырмалар.
  • «Ойлан, тап» әдісі арқылы сыни ойлау тапсырмалары.
  • Білім берудегі бағалау және кері байланыс.
  • Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру.
  • АКТ қолдану (интернет ресурстары және цифрлық материалдар).

Әдебиеттер мен дереккөздер

Сілтемелер

  1. 7-сыныпқа арналған биология оқулығы — Қ. Қайым.
  2. «Биологияны оқыту әдістемесі».

Дереккөздер

  1. Википедия (ашық энциклопедия).
  2. Ғаламтор ресурстары: Google, Яндекс.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

3 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылармен амандасып, тренинг арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады. «Ойдың шапшаңдығы» тәсілімен оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушының іс-әрекеті

Тренингке қатысады, сұрақтарға жылдам жауап береді, сабаққа қажетті құралдарын дайындайды.

II. Үй тапсырмасын тексеру (Блум таксономиясы бойынша)

Оқушылардың білім деңгейін бақылау: бірінші, екінші және үшінші деңгейлік тапсырмалар арқылы қайталау және бекіту.

Бірінші деңгей: Білу (миға шабуыл)

  1. Орамжапырақ қандай тұқымдасқа жатады?
  2. Даражарнақты класқа қандай тұқымдастар жатады?
  3. Қосжарнақты тұқымдастардың тіршілік формалары қандай?
  4. Қызғалдақ қандай тұқымдасқа жатады?
  5. Астық тұқымдастарының жемісі қандай?

Бірінші деңгей: Түсіну (ой қозғау)

  1. Раушангүл тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады? (Кемінде 3 мысал келтір.)
  2. Кіндік тамырлы және жапырақ жүйкеленуі торлы өсімдіктер қай класқа жатады?

Екінші деңгей: Қолдану (дұрыс сөйлемдерді анықтау)

  1. Асбұршақтың жемісі — қауашақ.
  2. Тостағанша жапырақшасы 4, күлтесі 4, аталығы 6 (төртеуі ұзын, екеуі қысқа), аналығы 2 жемісжапырақшадан тұрады. (Крестгүлділердің формуласы)
  3. Бақбақ пен күнбағыс — күрделігүлділердің өкілдері.
  4. Бидайдың гүлшоғыры — күрделі масақ.
  5. Қызғалдақ — көпжылдық өсімдік.

Екінші деңгей: Талдау (дәлелдеу)

Астық тұқымдастарының даражарнақтыларға жататынын дәлелдеңдер. Даражарнақтылардың белгілеріне назар аударыңдар.

Үшінші деңгей: Жинақтау

Раушангүлділердің жүйедегі орнын көрсетіңдер:

Үлгі:

Дүние → Бөлім → Класс → Тұқымдас → Түр

Үшінші деңгей: Бағалау

«Егер табиғатта жабық тұқымды өсімдіктер болмаса, ...» сөйлемін жалғастырып, өз ойыңды дәлелде.