Сөйлем ойлау

Сабақтың тақырыбы

Етістік (презентация)

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылар етістік туралы білімдерін пысықтап, жинақтап, бекітеді. Етістіктің заттың іс-әрекетін, қимылын, процесін білдіретін сөз табы екенін түсініп, ұғымдарын кеңейтеді.

Дамытушылық

Оқушылардың сөз қоры мен тіл байлығы артады, қызығушылығы оянып, шығармашылықпен жұмыс жасау дағдылары дамиды.

Тәрбиелік

Еңбексүйгіштікке, ұжымшылдыққа және өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелейді.

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Көрнекі құралдар

  • Слайдтар
  • Суреттер
  • Интербелсенді тақта

Сабақтың әдіс-тәсілдері

  • Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
  • Ой шақыру
  • Топтастыру
  • Семантикалық карта
  • Бір айналым сөйлесу
  • Бес жолды өлең
  • Венн диаграммасы
  • Топтық жұмыс
  • Ойын әдісі

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  • Сыныпты 3 топқа бөлу.

2) Өткен сабақты пысықтау

Ой шақыру әдісі және «Балық аулау» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беру:

  • Зат есім дегеніміз не?
  • Негізгі зат есім дегеніміз не?
  • Туынды зат есім дегеніміз не?
  • Тәуелдік жалғау дегеніміз не?
  • «Әке» сөзін үш жақта тәуелдеп, талда.

3) Қызығушылықты ояту

Слайд арқылы қозғалысты (қимылды) білдіретін суреттер көрсетіледі. Әр топ қимылды білдіретін сөзді тауып, сол сөзге байланысты сөйлем құрайды.

Қорытынды: қимылды білдіретін сөздер етістік деп аталады.

Слайд арқылы етістіктің сұрақтары топтастырылады.

4) Мағынаны тану

Етістік туралы толық түсіндіру жүргізіледі. Топтастыру стратегиясы арқылы негізгі ұғымдар жүйеленеді.

1-жаттығу — «Бір айналым сөйлесу»

Әр топ сурет бойынша сөйлем құрап, сөйлем ішінен етістікті табады.

2-жаттығу

Өлеңді оқып, ішінен етістіктерді теріп жазу.

3-жаттығу — Топпен жұмыс

Топ Тапсырма
I топ Зат есім бойынша жұмыс
II топ Етістік бойынша жұмыс
III топ Сөйлем құрастыру
IV топ Күрделі етістік жасау (қарапайым етістікті күрделі етістікке айналдыру)

Сергіту сәті

  • Қысқа би қимылдарын орындау.
  • Мұғалім етістікке байланысты бір сөз айтады, оқушылар сол сөзбен сөйлем құрап айтады.

5-жаттығу — Шығармашылық жұмыс

Интерактивті тақтадағы суреттерді сөз мағынасына қарай топтау. Мысалдар:

  • Қой — қоздайды
  • Сиыр — бұзаулайды
  • Ешкі — лақтайды
  • Түйе — боталайды

Ой толғаныс

Топтық тапсырмалар арқылы қорытындылау:

I топ

Семантикалық кесте

II топ

Венн диаграммасы

III топ

«Бес жолды өлең» стратегиясы (тақырып: «жануар»)

IV топ

3 сөйлем құрастырып, сөз таптарына талдау

Бағалау

Топтық жұмыс нәтижелері мен жеке оқушының белсенділігі бойынша бағалау жүргізіледі.