Құрметтейік жеңісті мамырдағы, Бақыттан рахаттанып күліңдерші
Салтанатты жиын туралы
9 мамыр — Жеңіс күніне арналған «Ер мен жердің жеңісі» атты салтанатты жиын. Шара 1–9 сынып оқушыларына арналған.
Өтетін орны
Спорт зал
Қатысушылар
1–9 сынып оқушылары
Тәрбие сағатының мақсаты
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» қағидасын ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу.
- Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру.
- Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлігіне тағзым етуге тәрбиелеу.
- Өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге үйрету.
- Дүние жүзіндегі өзге ұлт өкілдерімен достықты нығайтуға баулу.
Жүргізушінің құттықтауы
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 71 жыл толып отыр. Бұл мерекені лайықты атап өту — қазіргі ұрпақтың парызы.
Жыл өткен сайын Отан үшін болған ұрыстың маңызы да, сол жолда қаза тапқан бабаларымыздың ерлігі де мәңгі жадымызда. Осыған орай «Ер мен жердің жеңісі» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Сол жылдары жүрегі «Отаным» деп соққан әр азамат барынша күресіп, ел алдындағы антын орындады. Ендеше сұрапыл соғыс пен елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдайық.
Оқушылар орындайтын өлең жолдары
-
1-оқушы
Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ — 9 мамыр күні.
Айтшы, кәне, біздің Жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі? -
2-оқушы
Майский праздник — День Победы
Отмечает вся страна.
Надевают наши деды
Боевые ордена. -
3-оқушы
Их с утра зовет дорога
На торжественный парад,
И задумчиво с порога
Вслед им бабушки глядят. -
4-оқушы
Мы славой их гордимся,
Гордимся за страну.
Здоровья ветеранам
Всем пожелать хочу! -
5-оқушы
Мы благодарны им за труд,
За подвиг, за победу,
За то, что подарили жизнь
Своим внучатам, детям! -
6-оқушы
Қырғын соғыс, қан жылатқан заман-ай,
Халқым сиреп, талай қыршын қиылды-ай.
Жан түршігер ауыртпалық көрсек те,
Бар тілегім — ұрпағым болсын аман-ай. -
7-оқушы
Благодарим, солдаты, вас
За жизнь, за детство и весну,
За тишину, за мирный дом,
За мир, в котором мы живем! -
8-оқушы
Жасасын Жеңіс! Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып, болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс! Болмасын соғыс! Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
Жеңіс туралы жүргізуші сөзі
Жер жүзіне нұр шашып Жеңіс күні туды, жақсы үміттің шырағы жанды. Аспан бетін қаптаған қара тұман серпіліп, зұлымдықтың түні сөнді.
Осындай Ұлы Жеңіске қол жеткізуге үлес қосқан батырларымыздың арқасында бүгінгі ұрпақ бейбіт өмір сүріп келеді.
Көркем бағдарламадан үзінділер
Ән
«Соғыстан қайтқан солдаттар» — 9-сынып оқушылары орындайды.
Би
Мектебіміздің «Наз» тобы — «Катюша» биі.
Ән
«Белорусский вокзал» — мектеп әншілері орындайды.
Би
«Моряк» — топтың сері жігіттері орындайды.
Ардагерлерге алғыс
Жеңіс күні — ардагерлер әперген қасиетті күн. Қызыл туды желбіретіп, туған елін жау қолында қалдырмай, ерлікпен ел парызын өтеген жандарға бас иеміз.
Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңіздер! Арамызда ардақ болып жүре беріңіздер! Мамырдағы Жеңісті құрметтеп, бақыттан қуанып күле беріңіздер!
Ардагер аталарға мың алғыс — келер ұрпақтың бақыты үшін жерін жаудан қорғаған батырлықтарыңыз үшін!
Ән
«Про дедушки» — ардагерлерге арналған музыкалық тарту.
Қорытынды сөз
Ата-бабаларымыздың арқасында бүгін біз тәуелсіздігімізді алып, егемен ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз Әнұранымыз, Елтаңбамыз, биіктен көрінер Туымыз бар — бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт.
Қуанышымыз бен жеңісіміз баянды болсын деп, бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде әрдайым бейбітшілік орнасын!
Аналардың зарлаған, сәбилердің жылаған дауысы естілмесін. Айбынды азаматтарымыз аман болсын!