Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Пәні
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы
Төрт түлік туралы жырлар: «Торы құлын», «Сиыр», «Қой», «Ешкі»
Сілтеме
Оқулық
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты
Оқушылар төрт түліктің түрлерімен танысады, олардың пайдасы мен ерекшеліктерін түсініп, бір-бірінен ажырата алады.
Күтілетін нәтиже
- Төрт түліктің түрлерін, пірін, төлін, дыбысталуын біледі.
- Төрт түліктің пайдасы туралы ақпарат жинақтайды және қолдана алады.
Түйінді идея
Топтық жұмыс арқылы оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, бірін-бірі тыңдап, дәлелдеп үйренеді.
Сабақтың міндеттері
1) Білімділік
Оқушыларды төрт түлік малдың төлдерінің атауларымен таныстыру; төрт түлік туралы түсініктерін кеңейту; сабақ барысында сөздік қорын молайту.
2) Дамытушылық
Мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту; төрт түліктің пайдасы туралы білімдерін толықтыру; тіл байлығын, ой-өрісін, іскерлік дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
3) Тәрбиелік
Оқушыларды төрт түлікке құрметпен қарауға, еңбексүйгіштікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдістер мен ресурстар
Сабақтың әдістері
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
- Мәнерлеп оқу
- Ой қозғау
- Шығармашылық жұмыс
- Пікірлесу, әңгімелеу
- Интерактивті оқыту
- Сын тұрғысынан ойлау
- Ротация
- SWOT әдісі
Көрнекіліктер мен жабдықтар
- Интерактивті тақта
- Төрт түлік суреттері (карточкалар, постерлер)
- Тапсырмалар топтамасы
- Ойын түрлері
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралдарын жинақтау, оқушыларды орындарына отырғызу.
Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Ойнап, күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз,
Оқып білім аламыз.
2) Үй тапсырмасын тексеру
«Бесік жыры» өлеңін 1 оқушыдан жатқа сұрау.
Үй тапсырмасын бекіту: «Кім жылдам?»
- Өлеңде анасы баласын қалай жұбатады?
- Бесіктің қандай пайдасы бар?
- Анасы баласының кім болғанын қалайды?
- Бесік жырын қай уақытта айтады?
- «Көп қиыннан өтерсің» деген жолды қалай түсінесіңдер?
3) Ой қозғау: сөзжұмбақ
Көбейту кестесін жатқа білу арқылы өрнектердің мәнін табады. Әр дұрыс жауаптың артында жасырылған әріптерден сөз құрастырады.
Негізгі сұрақ: Төрт түлікке нелер жатады? Олар қандай жануарлар?
4) Жаңа материалды түсіндіру: «Ойлан, бірік, бөліс»
Әр топ өзіне берілген түлік бойынша жұмыс жасайды: пайдалы жақтарын талдап, дәлелдеп, ортақ қорытындыға келеді.
Топтық жұмысқа арналған сұрақтар
- Топтағы түліктің пайдасын жаз: одан не алынады?
- Қалай дыбыстайды?
- Оның пірін ата.
- Оның төлін ата.
- Оны қалай шақырады?
- Топ болып жайылуын қалай атайды?
- Одан алынатын тағамдар мен сусындарды ата.
- Түлік туралы мақал жаз.
Тапсырмалар мен бағалау
Тапсырмалар
- «Нақты жауап» айдары
- «Кім жылдам?»
- Сөзжұмбақ шешу
- «Ойлан, бірік, бөліс»
- Топтық жұмыс
Кері байланыс
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалап, жақсартуға ұсыныс береді.
Кейінгі тапсырмалар
- Жаттау
- Сурет салу
- Ақпарат жинау