Мынау жем
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, №7 бөбек балабақшасы
Тәрбиеші: Мусина Ақмарал Сансызбаевна
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тобы
«Айналайын» I кіші тобы
Білім беру саласы
Қатынас
Оқу іс-әрекетінің түрі
Көркем әдебиет
Тақырыбы
Үй құстарына жем береміз
Мақсаты
Білімділік
Балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін толықтыру және құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.
Дамытушылық
Үй құстарының пайдасы туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік
Үй құстарына қамқор болуға, күте білуге және еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Алдын ала жұмыс және ресурстар
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар
Балаларды құстармен таныстыру.
Әдіс-тәсілдері
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелеу
Қажетті көрнекі құралдар
Билингвалды компонент
- Құстар
- птицы
- Үй құстары
- домашние птицы
Іс-әрекет кезеңдері
1) Қызығушылықты ояту кезеңі
Шаттық шеңбер ұйымдастырылады. Балалар қимыл-қозғалыспен өлең жолдарын қайталайды:
Мен қанатымды жазамын,
Суға жүзіп аламын.
Суда жүріп жүземін,
Оң қанатты бір қағып.
Сол қанатты бір қағып,
Қанатымды қатайтып,
Мен анамдай боламын.
2) Ұйымдастырушылық-ізденіс кезеңі
Бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Үй құстарына жем береміз».
Құстардың түрлері
Құстар екіге бөлінеді: дала құстары және үй құстары.
Мысалдар
- Дала құстары: торғай, қарлығаш, көгершін.
- Үй құстары: тауық, әтеш, қаз, үйрек.
Табиғаттағы және үйдегі тіршілік
Дала құстары
Ағаштың түбіндегі құрт-құмырсқамен қоректенеді. Ағаштардың жақсы жайқалып өсуіне және зиянды жәндіктердің азаюына көмектеседі.
Үй құстары
Үйде бағылады және адамның көмегін қажет етеді. Сондықтан оларға жем беріп, қамқорлық жасаймыз.
Пайдасы
- Үй құстарының жұмыртқасын тағамға пайдаланамыз.
- Мамығынан көпшік, жастық жасауға болады.
Құстың дене мүшелері
Құстың денесі, басы, тұмсығы, қанаты, аяғы болады.
Сұрақтар арқылы бекіту
- Құстың дауысын ажырата аласыңдар ма? Ендеше тыңдап көрейік.
- Құстар туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Негізгі ой: құстарға қамқорлық жасау — мейірім мен еңбекқорлыққа тәрбиелейді.