Назарларын сабаққа аударып, сабақты бастау

Сабақ туралы мәлімет

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Тлекова Райхан. Пәні: Математика.

Тақырыбы

Есеп: «Неше жас үлкен?»

Мақсаты

  • Есептерді салыстыруға үйрету.
  • Ұқыптылыққа баулу.
  • Есептеу машығын арттыру, ой-өрісін дамыту.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар санды көбейтіндіге бөлу тәсілімен танысады.
  • Есептеудің тиімді тәсілдерін қолданады.

Көрнекілік

Қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер.

Әдіс-тәсілдері және пәнаралық байланыс

Әдіс-тәсілдері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік жұмыс, есептеу, салыстыру.

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, қазақ тілі, ұлттық дүниетаным.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты сабаққа дайындау

  • Оқу құралдарын жинақтау.
  • Назарларын сабаққа аударып, сабақты бастау.

Психологиялық дайындық

Бір, екі, үш — сынып тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

Бүгінгі сабақ ерекше өтеді: сыныбымызға қонақтар келіп отыр. Сондықтан бұл — ашық сабақ.

Сабақ топқа бөліну және жарыс түрінде ұйымдастырылады. Сынып 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV.

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға ұпай беріліп отырады. Қай топ көп ұпай жинайтынын сабақ барысында анықтаймыз.

Күннің жадын жазып қоямыз.

II. Өткен материалды пысықтау

Ой қозғау

Сұрақтар мен тапсырмалар

  • Азайғышы 10 болатын айырманың мәнін тап.
  • Қосындының мәні 10-ға тең болатын өрнекті ата.
  • Қосудың компоненттерін ата.
  • Айырманың мәні 7-ге тең болатын өрнектерді ата.

Қайталау

  • Мына сандардың құрамын ата: 9, 8, 7, 5, 6, 4.
  • 3 пен 5-тің қосындысын тап.
  • 7 мен 2-нің айырмасына 1-ді қос.
  • Азайтудың компоненттерін ата.

III. Жаңа сабақ

Тақырыпты ашу және есеп шығару

Ребус шешу

Ребусты шешіп, шыққан сөз арқылы жаңа тақырыптың атауын табамыз. Ребустың шешуі — «Неше жас үлкен?».

Бүгін біз салыстыру арқылы есептер шығарамыз. Қай топ мықты екенін бірге байқаймыз.

Оқулықпен жұмыс

Оқулығымыздың 131-бетіндегі №1 есепке назар аударайық.

  • Есептің шартын кім оқиды? (Бір оқушы оқиды.)
  • Есепте кімдер туралы айтылған?
  • Ағасы мен қарындасы.
  • Олар туралы не айтылған?
  • Олардың жастары туралы.

Сурет бойынша жұмыс

Суретке қарап талдаймыз: қалай табамыз? Шешу жолын кім түсіндіреді, кім шығарады?