Жастар көтерілісі

Сабақ туралы

Тақырыбы

Жарқырап атқан алтын күн

Түрі

Жаңа сабақ

Әдістері

  • Сөздік
  • Көрнекілік
  • Жинақтау
  • Топтық жұмыс

Мақсаты

а) Желтоқсан оқиғасының тарихын және маңызын түсіндіру; көтеріліске қатысқан жастардың ерлігін, ізгі қасиеттерін үлгі ету. Желтоқсан көтерілісі мен Қ. Рысқұлбеков туралы бейнематериал қарау.

ә) Топтық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа, Отанды сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.

б) Ауызекі көркем сөйлеу тілін және шығармашылық қабілетті дамыту; Қазақстанды өркендету үшін білімді, жауапты азамат қажет екенін ұғындыру.

Көрнекіліктер

Бүктемелер Сюжеттік суреттер Сызбалар Тест жұмысы Бейне-клип Үнтаспа Интерактив тақта

Кіріспе: Тарих беттеріне үңілу

Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы ұзақ жолында талай қанды қырғынды, зорлық-зомбылықты көріп, қасірет шекті. Соның бірі — Алматы қаласында болған жастар көтерілісі. Бұл көтерілістің себебін бір ғана аңызбен немесе біржақты түсіндіру мүмкін емес.

Бүгінгі тәрбие сағатында біз Желтоқсан оқиғасына ой жүгіртіп, тәуелсіздік құндылығын тереңірек сезінуге талпынамыз.

  • Мемлекеттік Әнұранды орындау
  • Топтарға бөлініп, пікір алмасу (жарыс емес — ортақ ой бөлісу)

Топтық жұмыс құрылымы

І топ — Білімділер

«Біріміз — бәріміз үшін, бәріміз — біріміз үшін»

ІІ топ — Ізденістер

«Бақ қайда барасың? Ынтымаққа барамын»

ІІІ топ — Ойшылдар

«Бірлік бар жерде — тірлік бар»

Сабақтың үш бөлімі

  1. Жастар көтерілісі. «Қанды Желтоқсан»
  2. Желтоқсан құрбандары
  3. Тәуелсіздік таңы атты!

І бөлім: Жастар көтерілісі — «Қанды Желтоқсан»

Ол кезеңде Қазақстан КСРО құрамындағы одақтас республикалардың бірі болды. Қазақ мектептері күн санап азая түсті. Талай жыл елді басқарған Дінмұхамед Қонаевтың орнына Геннадий Колбиннің тағайындалуы қоғамда наразылық тудырды. Қазақ жастары — қыздар мен жігіттер — әділетсіздікке төзбей, алаңға шықты.

Дауылға желтоқсанның желі айналды,

Ашуға Алатау мінді, кәрі айбарлы.

Күтпеген іс ақыры не болды деп,

Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

Кез емес жаугершілік аттанатын,

Алаңның шеруі емес салтанатты.

Қытымыр қыстың басы сол бір айда,

Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.

Алаңға бармағандар да, жұмыстан қайтып келе жатқан қазақ жастары да жазаланды. Желтоқсан оқиғасы тек Алматыда ғана емес, өзге ірі қалаларда өткен митингілер мен шерулерге ұласты.

Сол күндерді есіме мен көп алам,

Желтоқсанның он жетісі… Топ. Алаң.

Тоқмейілдің түсіне де кірмеген,

Басталды бір сұмдық у-шу, зобалаң.

Тапсырмалар

І топ

Желтоқсан оқиғасы қашан болды?

ІІ топ

Неліктен «жастар қозғалысы» деп аталды? Оған кімдер қатысты?

ІІІ топ

Қозғалыс немен аяқталды?

ІІ бөлім: Желтоқсанның құрбандары

Желтоқсанның ызғарлы аязында ел намысы үшін алаңға шыққан талай жас жапа шекті. Сол көтерілісте қыршын кеткен құрбандар қатарында Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхамеджанқызы, Ләззат Асанова және басқа да жастар бар.

Нашақор деп, ұлтшыл деп, қазаққа күйе жаққан күн,

Бір күнде-ақ қайғыға халық батқан күн.

Желтоқсан — заман толғағы байтақ даланың,

Шарпысып өткен үміт пен күдік наланың.

Желтоқсан — Қайрат, Ләззат пенен Сәбира,

Құрбаны болған жаланың.

Ләззат Асанова

1986 жылдың ызғарлы желтоқсанында ұлт намысын қорғап алаңға шыққан жастардың арасында Ләззат Асанова да болды. Ол — Чайковский атындағы музыка училищесінің 2-курс студенті. Қаршадай қыз қиянаттың құрбанына айналды.

Он жыл болды мен жатырмын, Ақжайықтың түбінде.

Мені өлтірген танкист жігіт, тірісің бе бүгінде?

Қайрат Рысқұлбеков

Қайрат Рысқұлбеков Семей түрмесінде 21-камерада отырып, 21 жасында (1988 жылы) қаза болды. 1992 жылы толық ақталды.

Көрініс

«Түрмеде — Қайрат» (үзінді/инсценировка)

1 минут үнсіздік

Еске алу және тағзым

Ой қозғау

Аға-апаларымыздың ерлігі — тәуелсіздікке бастар жолдағы рух пен табандылықтың айғағы. Қайрат Рысқұлбеков туралы бейнеклип көріп, пікір алмасу ұсынылады.

Сергіту сәті: «Қисынды ойлау» ойыны

І топ

Дәптер, сурет дәптері, қалам, өшіргіш, қарындаш, майлы бояу → суретші

ІІ топ

Мектеп, оқу орны, мекеме, ағай, апай, директор, ұстаз, білім, оқушы, сабақ → білім беру

ІІІ топ

Қыс, музыка, сырғанақ, су, қар, өзен, коньки, хоккей, бала → қысқы ойындар

Қосымша ойын

«Сыйлықтың иесін тап» және сәйкестендіру тесті арқылы «суретшіге көмек» тапсырмасы.

Өзін-өзі өлтірді деген сияқты күмәнді түсіндірулермен жазықсыз жандардың есіміне көлеңке түсірілген кезеңдер болды. Ләззат Асанова мен Сәбира Мұхамеджанқызы секілді өмірі енді ғана гүлденер жас өркендердің ерлігі Әлия мен Мәншүк сынды батыр қыздарымыздай құрметтелуге лайық.

ІІІ бөлім: Тәуелсіздік таңы атты!

І топ

Қ. Рысқұлбековтың өлеңдерінен үзінді оқу

ІІ топ

«Тәуелсіздік жолында» тақырыбына өлең құрастыру

ІІІ топ

Ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдер жазу және айту

1992 жылы 17 желтоқсанда сол жастар алаңына ескерткіш тақта қойылды. 17 желтоқсан «Демократиялық жаңару күні» деп жарияланды. Бүгінде өз Президентіміз, мемлекеттік рәміздеріміз бар. Біз — тәуелсіз мемлекетпіз. Сарыарқа төсіндегі Астана — егемен елдің айқын нышаны.

Осы бөлімде Қазақстанның белгілі орындарының суреттерін көрсету ұсынылады.

«Санаңды сынай біл!» — тест

  1. 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қайсы?

    • а) Қазақ тілі
    • ә) Араб тілі
    • б) Орыс тілі
  2. 2) Жаңа Әнұран қашан шырқалды?

    • а) 1993 ж. 15 қараша
    • ә) 1991 ж. 16 желтоқсан
    • б) 2006 ж. 11 қаңтар
  3. 3) Қазақстан теңгесі қашан енгізілді?

    • а) 1993 ж. 15 қараша
    • ә) 2003 ж. 25 қазан
    • б) 1991 ж. 16 желтоқсан
  4. 4) Ел рәміздерін ата.

    • а) Теңге, Ту
    • ә) Ту, Елтаңба, Әнұран
    • б) Тіл, Дін
  5. 5) Жаңа Әнұранның сөзін жазған кімдер?

    • а) Ж. Нәжімеденов
    • ә) Ж. Дәрібаева
    • б) Ш. Қалдаяқов, Н. Назарбаев, М. Төлебаев, Л. Хамиди
  6. 6) Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан жариялады?

    • а) 1986 ж. желтоқсан
    • ә) 1991 ж. 16 желтоқсан
    • б) 1996 ж. 16 желтоқсан

Ән

«Алға, қазақ жігіттері!» (оқушылар орындайды)

Қорытынды

Желтоқсан — жастық, қазбалап тегін сұрама,

Жанартау тектес — атылмай бір күн тұра ма?

Осылай, халқым, созылған тура үш ғасыр,

Ойналып бітті драма!

Желтоқсан оқиғасы — тәуелсіздікке ұмтылған рухтың, азаматтық ұстанымның және әділет іздеген жастық жігердің символы. Оны білу — өткенді құрметтеу, бүгінгі еркіндіктің бағасын түсіну.