Карбонаттар және олардың қасиеттері

Сабақ туралы мәлімет

Білім беру ұйымы
№2 Қашар орта мектебі КММ
Пән
Химия
Сынып
9-сынып
Мұғалім
Табарикова Тарбия Исаевна
Сабақ түрі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақ әдістері
Аралас, кластер әдісі, тест жұмысы, топтық жұмыс
Көрнекіліктер
Оқулық, интертақта, слайд
Пәнаралық байланыс
Биология, математика

Сабақ тақырыбы

Карбонаттар және олардың қасиеттері

Сабақ мақсаты

Білімділік

Карбонаттар және олардың ең маңызды қасиеттері туралы түсінік беру.

Дамытушылық

Оқушылардың есте сақтау, сөйлеу және ойлау қабілеттерін, пәнге қызығушылығын, шығармашылық ізденіске ұмтылысын дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды мамандық таңдауға бағыттау, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақ барысы

  1. 1) Ұйымдастыру кезеңі

    • Сәлемдесу.
    • «Шаттық шеңберін» ұйымдастыру, психологиялық дайындық жасау.
    • Топқа бөлу.
    • Жауап парақтарын тарату.
  2. 2) Үй тапсырмасын қайталау

    Ауызша сұрақтар

    1. Көміртектің қасиеттері.
    2. Көміртек(II) оксиді: алынуы, қасиеттері, қолданылуы.
    3. Көміртек(IV) оксиді: алынуы, қасиеттері, қолданылуы.

    Кластер әдісі

    3 топқа 3 түрлі тапсырма беріледі. Әр топтан 1 оқушы шығып, заттардың алынуын, қасиеттерін және қолданылуын кластерге түсіреді.

  3. 3) Жаңа тақырыпты меңгеру

    Оқушыларға тақырыпты жеке оқып-үйренуге уақыт беріледі. Кейін 3 топқа 3 сұрақ ұсынылады: әр топ өз сұрағы бойынша дайындалып, жауапты тақтадағы материалмен салыстырады. Әр топқа 2 минут беріледі, басқа оқушылар жауапты толықтыра алады.

    1-сұрақ: Көмір қышқылы (H₂CO₃)

    Көмір қышқылының алынуы мен қасиеттері қарастырылады. Ол тұрақсыз қосылыс екеніне мысал келтіріледі.

    Алынуы

    H₂O + CO₂ → H₂CO₃

    Көмір қышқылы — әлсіз, екі негізді қышқыл; екі сатыда диссоциацияланады. Оның орта тұздары — карбонаттар және гидрокарбонаттар.

    2-сұрақ: Карбонаттар — алынуы және қасиеттері

    • Сілтілік металдардың карбонаттары мен гидрокарбонаттары суда ериді және гидролизге ұшырайды.
    • Көптеген басқа карбонаттар суда ерімейді.
    • Күшті қышқылдар карбонаттар мен гидрокарбонаттарға әсер еткенде CO₂ бөлінеді.

    Реакция теңдеуі (мысал)

    Na₂CO₃ + 2HCl → 2NaCl + H₂O + CO₂

    Ең көп қолданылатын тұздардың бірі — натрий гидрокарбонаты (NaHCO₃), тұрмыста ас содасы деп аталады.

    3-сұрақ: Карбонаттардың қолданылуы

    CaCO₃

    Әктас, мәрмәр, бор, ұлутас, маржан.

    Na₂CO₃

    Шыны, қағаз, мата, сабын, былғары өндірісінде және тұрмыста.

    NaHCO₃

    Медицинада, өрт сөндіргіш баллондарын толтыруда, нан өнімдерін дайындауда (ас содасы).

  4. 4) Жаңа тақырыпты бекіту

    • Зертханалық жұмыс орындауға уақыт беріледі.
    • Слайд арқылы 5 тест сұрағы көрсетіледі; оқушылар жауап парағына белгілейді.

Ескерту

Материалдың толық нұсқасын жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.