Қазақстанның табиғат зонасы картасын талдау

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Қазақстанның табиғат зоналарының ерекшеліктерін талдау арқылы бұрын өткен тақырыптар бойынша білімді қорытындылау, білік пен дағдыны қалыптастыру және материалды меңгеру деңгейін тексеру.

Дамытушылық

Ақпараттық технологияларды пайдаланып, географиялық білімді кеңейту; ғылымға қызығушылық пен шығармашылық белсенділікті арттыру; зерттеушілік қабілетті дамыту; ойын еркін жеткізіп, өз бетінше шешім қабылдау дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Табиғат зоналарын қорғаудың маңызын түсіндіру, олардың шаруашылықтағы рөлін ашу және экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың құрылымы

Жоспарланған кезеңдер және уақыт мөлшері (мин.)

  1. 1

    Ұйымдастыру

    1 мин.

  2. 2

    Сергіту сұрақтары

    4 мин.

  3. 3

    Ассоциация құрастыру

    5 мин.

  4. 4

    Ой толғаныс

    5 мин.

  5. 5

    Картамен жұмыс

    4 мин.

  6. 6

    Кескін картамен жұмыс

    11 мин.

  7. 7

    Видеороликтермен жұмыс

    3 мин.

  8. 8

    Аудио сұрақ

    2 мин.

  9. 9

    Анимациялық жұмыс

    3 мин.

  10. 10

    Синквейн

    2 мин.

  11. 11

    Үй тапсырмасы

    2 мин.

  12. 12

    Бағалау және қорытындылау

    2–3 мин.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, қатысымды түгендеу және сыныптың сабаққа жалпы дайындығын тексеру.

2) Сергіту сұрақтары

  • Табиғат зоналары дегеніміз не?
  • Қазақстанда қанша табиғат зонасы бар?
  • Табиғат зоналарының орналасуы қандай заңдылыққа тәуелді?
  • Қазақстандағы ең үлкен табиғат зонасын ата.
  • Өтпелі табиғат зоналарын ата.

3) Ассоциация құрастыру

Бұрынғы білімді анықтау үшін “Табиғат зонасы” ұғымына ассоциация құрастыру ұсынылады.

Географиялық орны

Жер көлемі

Өсімдігі

Жануары

Топырағы

Климаты

Ішкі сулары

Шаруашылықтағы қолданылуы

4) Ой толғаныс: сөйлемдерді толықтыру

Негізгі ұғымдарды нақтылау және деректерді еске түсіру тапсырмасы.

1) Қара топырақты зона республиканың солтүстік аймағында таралған, гумусы 6–9%.

2) Топырақтану ғылымының негізін қалаған — В. В. Докучаев.

3) Шөлейт зонасында 3000-нан астам көл бар.

4) Дермене жусанынан сантонин дәрісі жасалады.

5) Шөлейт зонасының оңтүстік шекарасы 48° с.е. бойымен өтеді.

6) Топырақтың түсі қарашірікке байланысты өзгереді.

7) Дала зонасы республика аумағының шамамен 27–29%-ын алып жатыр.

5) Картамен жұмыс: табиғат зоналарын талдау

  • Төрт табиғат зонасында қандай жер бедерлері кездеседі?
  • Мұғалжар тауы қандай табиғат зоналарында орналасқан?
  • Тың және тыңайған жерлерді игеру қай жылдары жүргізілді?
  • Неліктен тауларда табиғат зоналары көрсетілмейді?
  • Қай табиғат зонасында қорықтар жиі кездеседі?
  • Шөл зонасының алып жатқан аумағы неліктен үлкен?

6) Кескін картамен жұмыс

А) Жер бедерлерін анықтау

Кескін картадағы сандармен белгіленген жер бедерлерін атау.

Ә) Өзендерді табиғат зоналарына сәйкестендіру

Интерактивті тақтадағы “шторка” әдісі арқылы өзендердің қай табиғат зонасына тиесілі екенін анықтау.

7) Интерактив: жануарлар, өсімдіктер және құстарды сәйкестендіру

Қазақстанның табиғат зоналары картасына интерактивті тақта кітапханасынан алынған нысандарды (жануар, өсімдік, құс) дұрыс аймақтарға орналастыру.

8) Видеоматериал: “Borovoe”

Видеороликтер арқылы табиғат зоналарын ажырату және көріністерін салыстыру.

9) Аудио сұрақ: “Қандай табиғат зонасы?”

Сұрақ (С. Сейфуллин):

Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,
Ағашты, биік таулы жерлері бар.
Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын,
Меймандос, берекелі елдері бар.

Оқушылар аудио мәтінге сүйеніп табиғат зонасын анықтайды.

Жауап: Орманды дала зонасы

10) Анимациялық жұмыс: Тянь-Шаньдағы биіктік белдеулер

Анимациялық көрініс арқылы биіктік белдеулердің ауысуын көрсету және табиғат кешендерінің өзгеру себептерін талдау.

11) Синквейн: “Табиғат зонасы”

  1. 1. Не? — Табиғат зонасы
  2. 2. Қандай? — Әртүрлі, әдемі
  3. 3. Не істейді? — Ауысады, өзгереді, құбылады
  4. 4. Сөйлем — Қазақстанда 4 табиғат зонасы бар
  5. 5. Синоним — Географиялық кешен

12) Үй тапсырмасы

“Табиғат зоналарын өзгертудегі адамның рөлі” тақырыбында эссе жазу.

13) Бағалау және қорытындылау

Оқушылардың сабақта көрсеткен білімі мен белсенділігіне қарай жетондар беріледі. Жетон саны негізінде бағалау жүргізіліп, сабақ қорытындыланады.