Сұрақтарын қойып заттың атын ажырата білуге үйрету
Атырау облысы · Қызылқоға ауданы · Миялы селосы
Б. Аманшин орта мектебі · Бастауыш сынып мұғалімі: Мукашева Лаззат Амангелдиевна
Сабақ тақырыбы: Зат есім
Бұл сабақта оқушылар заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғымын бекітіп, «Кім?», «Не?» сияқты сұрақтар арқылы зат есімді ажыратуды үйренеді.
- Сабақ түрі
- Аралас сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, түсіндіру, оқыту, жаздыру
- Көрнекіліктер
- Плакаттар, суреттер, сөзжұмбақ
- Құндылықтар
- Ұйымшылдық, ізденімпаздық, шығармашылық
Сабақ мақсаты
Білімділік
Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінік қалыптастыру. Сұрақ қою арқылы заттың атын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық
Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілетін дамыту. Жылдам қорытынды жасай білуге, ұқыпты жазуға дағдыландыру, сөйлеу тілін жетілдіру.
Тәрбиелік
Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа және шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Сабақ құрылымы «аялдамалар» форматында ұйымдастырылады: әр бөлімде оқушылардың бақылау, дәлелдеу, жазу және жинақтау дағдылары дамытылады.
I. Ұйымдастыру
- Сабаққа дайындықты тексеру.
- Назарды сабаққа шоғырландыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) 7-жаттығу.
Сөз таптары және сұрақтары
Зат есім
Кім? Кімдер? Не? Нелер?
Сын есім
Қандай? Қай?
Сан есім
Қанша? Неше? Нешінші?
Етістік
Не істеді? Қайтті? Не қылды?
III. Жаңа сабақ — «Білгірлер аялдамасы»
1-жаттығу (түсіндіру)
- Суреттерге қара.
- Құстардың атын білмесең, білу үшін қандай сұрақ қоясың?
- «Не?» сұрағына жауап беретін сөздерді ата.
Ережені еске түсіру
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге Кім? Кімдер? Не? Нелер? сұрақтары қойылады.
IV. «Тапқырлар аялдамасы» — оқулықпен жұмыс
2-жаттығу:
- Суретке қарап, зат есімдерді тауып айт.
- Тапқан зат есімдеріңе қойылатын сұрақтардың әртүрлі екенін дәлелде.
V. «Білімділер аялдамасы» — жазба жұмыс
4-жаттығу: көп нүктенің орнына тиісті зат есімдерді қойып, көшіріп жаз.
Төрт түлік
…
Аңдар
…
Құстар
…
Отбасы мүшелері
…
VI. Сергіту сәті
-
Тұмсығымен шымшып, құрт тереді… (шымшық)
-
Бата алмас түлкі, үсті тікен… (кірпі)
-
Дамыл таппай бір мезет, жорытумен жүр сұр… (көжек)
VII. «Мергендер аялдамасы» — ауызша жұмыс
5-жаттығу: оқы. Әр қатардағы сөздерді жинақтап, бір сөзбен ата.
Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі — …
Кесе, қасық, қазан, ожау, тостаған — …
Қияр, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз — …
VIII. «Ойшылдар аялдамасы» — өздік жұмыс
6-жаттығу
- Мәтінді көшіріп жазып, зат есімдердің үстіне «з. е.» деп белгіле.
- Мәтінде қай сөз көп кездеседі: Кім? әлде Не?
Әр оқушыға сурет беріледі: суреттегі заттың атын атап, оған сәйкес сұрақ қояды.
IX. Топтастыру
«Зат есім туралы не білеміз?» тақырыбында ойды жинақтау: анықтамасы, сұрақтары, мысалдары және басқа сөз таптарынан айырмашылығы.
Анықтама
Заттың атын білдіреді.
Сұрақтары
Кім? Кімдер? Не? Нелер?
Мысал
адам, кеме, ағаштар
Қолдану
Сөйлемде затты атайды.
X. Үй тапсырмасы
3-жаттығу:
- Мәтінді көшіріп жаз.
- Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сыз.
- Тапқан зат есімдерге сұрақ қой.
XI. Қорытынды және бағалау
Сабақ соңында оқушылардың зат есімді сұрақ қою арқылы анықтауы, тапсырмаларды орындау сапасы және ауызша жауаптарының нақтылығы негізінде бағалау жүргізіледі.