Бүгін неше сабақ
Қысқа мерзімді жоспар
СҚО, Петропавл қаласы, №9 орта мектеп. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Әмірина Ләйлә Бауыржанқызы.
Пән және сынып
Қазақ тілі, 6-сынып
Тақырып
Біздің мұғалім. Сын есім.
Сабақтың мақсаты
Оқушылар «Біздің мұғалім» тақырыбы бойынша әңгімелей алады және сын есімдерді ажырата біледі.
Сабақтың міндеттері
- Өзін-өзі оқыту арқылы білім алуға ықпал ету, сыни ойлау арқылы әр оқушыны үдеріске тарту.
- Жаңа тақырыпты оқушылардың өздігінен меңгеруіне жағдай жасау.
- Әртүрлі тапсырмалар арқылы білімін тексеру, талдау және жинақтау.
- Сөздерді септеу және сөйлем құрастыру дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтиже
- 1 Сын есімдерді дұрыс қолданады.
- 2 «Біздің мұғалім» тақырыбы бойынша ойын еркін жеткізеді.
- 3 Өз іс-әрекетіне талдау жасай алады.
Ресурстар мен ұйымдастыру
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, слайдтар, плакаттар, оқулық, түрлі маркерлер, стикерлер.
Жұмыс түрлері
- Топтық жұмыс
- Жұптық жұмыс
- Жеке жұмыс
Қолданылатын модульдер
- Блум таксономиясы
- Сыни тұрғыдан ойлау
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
- АКТ пайдалану
- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу (деңгейлік тапсырмалар)
Әдістер мен бағалау
Оқыту тәсілдері
- Сыни ойлау: «миға шабуыл», сөзжұмбақ, коллаж жасау.
- Жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту, топқа бөлу.
- Бағалау: бақылау парағы, өзін-өзі бағалау.
- АКТ: демонстрациялау.
- Деңгейлік тапсырмалар.
Бағалау шкаласы
| Баға | Ұпай | Сипаттама |
|---|---|---|
| 5 | 20–25 | Өте жақсы, белсенді жұмыс үшін |
| 4 | 13–19 | Жақсы жұмыс үшін |
| 3 | 6–12 | Тапсырмаларға толық белсенді қатыспағаны үшін |
| 2 | 0–5 | Сабаққа қатыспағаны үшін |
Ескерту: Сабақ соңында әр топтың бағалау парағы жиналады.
Сабақтың барысы (Блум таксономиясы бойынша)
0) Психологиялық ахуал (3 минут)
- Ынтымақтастық атмосферасын құру: «Қызыл өрік» тренингі.
- Тәтті кәмпиттер арқылы 3 топқа бөлу.
- Топ ішінде рөлдерді бөлу: таймкипер, баяндамашы, төраға, хатшы.
1) Білім (2 минут)
Миға шабуыл сұрақтары
- – Наурыздың нешесі?
- – Аптаның қай күні?
- – Бүгін неше сабақ?
Тақырыпты ашу: сөзжұмбақ
Оқушылар тақырыпты анықтау үшін сөзжұмбақ сұрақтарын шешеді.
- 1) Доброта — мейірім
- 2) Учитель — ұстаз
- 3) Оценка — баға
- 4) Талант — дарын
- 5) Стихотворение — өлең
- 6) Алфавит — әліпби
- 7) Текст — мәтін
Сөздікпен жұмыс (2 минут)
- мұғалім
- ұстаз, оқытушы — учитель
- білімді
- образованный
- үйретеді (оқытады)
- учит
- көңіл бөледі
- обращает внимание
- мейірімді
- добрый / добрая
- түсіндіреді
- объясняет
- ұнайды
- нравится
2) Түсіну (10 минут)
Оқулықпен жұмыс: «Біздің мұғалім» мәтінін оқып, әр топ коллаж құрастырады және қорғайды.
Назар аударатын тұстар
- Мәтіндегі сын есімдерді табу және белгілеу.
- Мұғалім бейнесін сипаттайтын тіркестерді іріктеу.
3) Қолдану
Тірек сөздерді пайдаланып, ұстазың туралы шағын әңгіме құрастырыңдар (әр топ өз жұмысын ұсынады).
Тірек сөздер
Сергіту сәті (2 минут)
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.
4) Талдау
Сөздерге тиісті септік жалғауларын жалғап, сөйлемдер құраңдар.
- 1. Сабақ (Ш.с.) кейін кітапхана (Б.с.) барасың ба?
- 2. Ертең сағат бес (Ж.с.) кинотеатр (І.с.) алдында кездесеміз.
- 3. Сен кім (К.с.) бір (Б.с.) бір парта (Ж.с.) отырасың?
- 4. Мен кеше Айдос (Ш.с.) қызықты кітап алдым.
- 5. Ол стадион (Б.с.) дейін автобус (К.с.) барды.
- 6. Мен терезе (Т.с.) жудым, еден (Т.с.) сүрттім.
5) Жинақтау (3 минут)
Мұғалім сызбаны түсіндіреді. Оқушылар деңгейіне қарай тапсырмаларды орындайды.
Жоғары деңгей
«Біздің мұғалім» тақырыбына диалог құрастыр.
Орта деңгей
«Біздің мұғалім» тақырыбына 3 сөйлем құрастыр.
Төмен деңгей
Сұрақтарға жауап бер:
- – Сен нешінші сыныпта оқисың?
- – Мұғалімнің аты-жөні кім?
- – Соңғы сабақ нешеде аяқталады?
- – Ертең неше сабақ болады?
6) Бағалау (3 минут)
Әр топтың бағалау парағы жиналып, қорытынды баға шығарылады.
Үй тапсырмасы және рефлексия
Үйге тапсырма
33-бет, 5-тапсырма: өлеңді мәнерлеп оқу.
Рефлексия
Музыка қосылады. Оқушылар стикерге түсінбеген сұрақтарын, сабақтың қалай өткенін және өздеріне ұнаған тәсілдерді жазып қалдырады.
Стикерге бағыттаушы сұрақтар
- – Бүгін мен үшін ең пайдалысы не болды?
- – Қандай сұрақ мен үшін әлі де түсініксіз?
- – Келесі сабақта нені өзгерткім келеді?