Оқушыларды топқа бөлу - Адасқан жануарлар арқылы топ атын құру

Қосындыны санға бөлу

Бұл сабақ оқушылардың білімін тереңдетуге, қайталауға, пысықтауға және тиянақтауға бағытталған. Сонымен қатар ой-өрісін, сана-сезімін және тілін дамытуға, есте сақтау қабілетін қалыптастыруға және функционалдық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың білімін тереңдету, қайталау, пысықтау, тиянақтау.

Дамытушылық

  • Ой-өрісін, сана-сезімін және тілін дамыту.
  • Есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
  • Функционалдық сауаттылығын арттыру.

Тәрбиелік

  • Әр істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.
  • Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақ форматы

Сабақтың түрі
Аралас
Әдіс-тәсілі
Іздену, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды топқа бөлу.
  • «Адасқан жануарлар» тәсілі арқылы топ атауын құру.

Психологиялық дайындық

Бізге есеп үйреткен

Пәнге қарап құрметпен,

Сандарды тура табатын —

Қиын әрі қызықты

Математика болатын.

2) Үй тапсырмасын тексеру

№6 (50-бет).

а) Бос торкөзге тиісті санды қой

  • 2 м 90 см = 29 дм
  • 4 м 1 дм = 41 дм
  • 26 дм = 2 м 60 см
  • 20 дм = 200 см
  • 5 м 30 см = 53 дм
  • 3 м 2 дм = 32 дм

ә) Салыстыр

  • 10 мм < 1 см
  • 4 дм 1 см 2 мм < 421 мм
  • 2 дм 2 см = 22 см
  • 15 мм < 2 см
  • 35 мм > 3 см
  • 3 дм 4 мм > 31 см
  • 2 см 4 мм < 25 мм
  • 20 мм < 2 см 2 мм

3) Өткенді еске түсіру

Балалар, өткен сабақта қандай тапсырма орындадық?

  • Қосындыны санға бөлу тапсырмасын орындадық.
  • Қосындыны санға бөлудің 2 тәсілі бар.

Негізгі ұғым

Қосындыны санға бөлу — қосындыны құрайтын әрбір қосылғышты сол санға бөліп, шыққан нәтижелерді қосу арқылы орындалады.