Сұрақтың жауабын сызбаға қарап болжа

Оқу мақсаттары

Сабақ мазмұны оқу бағдарламасына сай төмендегі мақсаттарды қамтиды:

  • 1.2.9.1 — әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
  • 1.2.1.2 — оқудың түрлерін қолдану (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу).
  • 1.2.5.1 — мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақ қою немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).
  • 1.1.4.1 — мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе иллюстрациясы бойынша болжау.
  • 1.1.9.1 — сөздегі дыбыстарды ажырату (дауысты/дауыссыз, жуан/жіңішке) және дұрыс дыбыстау.
  • 1.3.11.1 — сөйлемді бас әріптен бастап жазу және соңына тиісті тыныс белгісін қою.

Сабақ мақсаттары

Барлығы

Жаңа білімді меңгереді.

Көбі

Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі

Алған білімін өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

  • Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталайды.
  • Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.

Сабақ барысы

Сабақтың басы

5 минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсатымыз — білім алу.
Міндетіміз — еңбектену.
Еңбек етіп жұмыла,
«5»-ке қолды жеткізу.

Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезінеді. Бұл — қуанышты әрі жақындататын шағын әрекет.

Топқа бөлу

1-топ

Тау

2-топ

Көл

3-топ

Орман

Алдыңғы білімді еске түсіру

«Пп дыбысы қандай дыбыс?» — сұрағы арқылы өткен тақырып еске түсіріледі.

Ой қозғау (үштілділік, жұмбақтар)

Қанаты бар, ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды.

Жауабы: балық

Көктемнің тұңғыш гүлі?

Жауабы: бақбақ

Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.

Жауабы: бор

Буынға бөлу және аударма

  • Балық рыба fish
  • Бақбақ одуванчик dandelion
  • Бор мел chalk

«Балық», «бақбақ», «бор» сөздерінде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр? Бүгінгі жаңа тақырып: Бб дыбысы мен әрпі.

Жаңа дыбыспен жұмыс

Б дыбысы хормен айтқызылады.

Бдауыссыз дыбыс. Оны айтқанда еріндер бір-біріне нық тиіп, кейін кілт ашылады. Өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырайды. Кедергімен айтылатын дыбыстар дауыссыз деп аталады.

Б дыбысынан басталатын сөздер айтқызылады.

Б әрпінің баспа және жазба түрлері көрсетіледі.

«Бақбақ» сөзіне дыбыстық талдау жасалады.

Сабақтың ортасы

8 минут

№1 Оқылым

Сөздерді буынға бөліп, тізбектеп оқыту. Мағынасын түсіндіру.

Сұрақ: «Бор неден жасалады?»

Мәтін оқытылады, диалог рөлге бөлініп оқылады.

Түсіндірме мәтін: «Бор»

Күнделікті өмірде жиі кездесетін тастардың бірі — әктас. Әктастың екі түрі бар: бор және кәдімгі әктас. Олар бір-бірінен қаттылығына қарай ажыратылады. Бор — әктастың ең жұмсақ түрі: оны қолмен оңай үгітуге болады. Ол үгілгіш, түсі ақ. Бормен тақтаға жазамыз.

Жұмыс түрлері: таныстырылым, оқулықпен жұмыс.

Сергіту сәті

Видео арқылы сергіту жаттығулары орындалады.

1 минут

Сабақтың аяқталуы

16 минут

Қызықты тапсырма

Дәптермен жұмыс, топтық тапсырмалар.

8 минут

1-топ

Болжау

Сұрақтың жауабын сызбаға қарап болжа.

2-топ

Дыбыстық талдау

Берілген сөздерге дыбыстық талдау жаса.

3-топ

Топтастыру

Сөздерді/ұғымдарды мағынасына қарай топтастыр.

Құралдар: оқулық, дәптер.

Рефлексия

«Күн шуағы» әдісі және «Микрофон» арқылы кері байланыс.

2 минут

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап, бір-бірінің көңіл күйін айтады: қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы.

Дифференциация, бағалау, қауіпсіздік

Дифференциация

Қолдауды қажет ететін оқушыларға бағыттаушы сұрақтар мен үлгі арқылы көмек көрсетіледі. Қабілеті жоғары оқушылар сөздер мен сөйлемдерді дұрыс әрі анық қайталап, тапсырмаларды өз бетінше толық орындайды.

Бағалау

Оқушылардың меңгеру деңгейі оқылым, дыбыстық талдау, сұрақ-жауап және топтық жұмыс нәтижелері арқылы бақыланады.

Денсаулық және қауіпсіздік

Сергіту сәтінде қауіпсіз қимыл-қозғалыс ережелері сақталады. АКТ құралдары мұғалімнің бақылауымен қолданылады.

Автор туралы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Сам орта мектебі» ММ.
Бастауыш сынып мұғалімі: Исанова Гүлмира.

Толық нұсқасын жүктеу (сілтеме материалға қарай қосылады).