Баланың қолынан келуі

Сабақтың бағыты

Мотивациялық

Қозғаушы кезең: балалардың назарын достық тақырыбына жұмылдыру.

Ұйымдастыру

Іздестіру кезеңі: сұрақ-жауап, көрініс, ойын, тыныштық сәті және шығармашылық тапсырмалар арқылы ой бөлісу.

Шаттық шеңбер

Тәрбиеші: «Сәлемсіңдер ме, балалар! Бізге қонақтар келіпті, амандасып алайық.»

Сұрақ: «Біз достық әлемінде жүргендіктен, қандай ережелерді сақтаймыз? Сабақты дәстүрлі түрде немен ашамыз?»

Өлең жолдары:

Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.

Әңгімелесу: «Дос» және «достық»

Бүгін балалармен дос, достық туралы әңгіме жүргізіледі. Экрандағы суретке қарап, көрініс бойынша әңгіме құрастырылады.

Сұрақтар

  • Дос деп кімді айтамыз?
  • Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Достардың бір-біріне деген қарым-қатынасы қандай болуы керек?

Балалардың ойлары (жинақ)

  • Дос — ең жақын адам, тірек.
  • Дос — көмекші әрі қамқор.
  • Достар бірге ойнайды, бірге жүргенді ұнатады.
  • Достар бір-бірін сыйлайды, көмектеседі.
  • Достар мейірімді, қайырымды және адал болады.

Көрініс: С. Сейтенов «Атасының ақылы»

Балалар бұрыннан тыңдап, ой бөліскен «Достық әлемі» тақырыбын көрініс арқылы жалғастырады. Көріністі мұқият тамашалап болған соң, сұрақ-жауап жүргізіледі.

Көрініс бойынша сұрақ-жауап

Сұрақтар

  • Көрініс ұнады ма?
  • Еркін мен Төкен достықты қалай түсінді?
  • Еркіннің атасы немересіне қандай ақыл айтты?

Балалардың жауаптары (мысал)

  • Еркін Төкенге кәмпит бергеннен кейін екеуі дос болып жүр.
  • Атасы адал, ақылды балалармен дос болуға кеңес берді.
  • Дос — әрдайым көмектесетін, қамқор болатын жан.

Дәйексөз

«Адам достығымен күшті» — бүгінгі сабақтың негізгі ойы.

Қимылды сергіту

Жаттығу мәтіні:

Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Оңға қарай бұрыламыз,
Солға қарай бұрыламыз.
Гүл-гүл жайнап жанамыз,
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.

Ойын: «Досыңды тап»

Мақсаты

Сенім мен сыйластықты нығайту, досты танып-білу және топта бірлік қалыптастыру.

Шарты

Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың балаларының көзі байланып, екінші топтағы досын тауып, есімін айтуы керек. Екінші топ тыныш тұрады.

Тыныштық сәті

  1. 1.Денені түзу ұстап, басты көтеріп, ыңғайланып отырамыз.
  2. 2.Алақанды жүрек тұсына қоямыз.
  3. 3.Көзді жұмып, жүрек дүрсілін тыңдаймыз.
  4. 4.Музыка әуенімен 1–2 минут тынышталып отырамыз.

Талқылау сұрақтары

  • Көзімізді ашқанда қандай күйде болдық?
  • Жүрегіміз қандай, ол қалай соғып тұр?

Балалардың жауабы: «Жүрегіміз жылы, жұмсақ.»

Шығармашылық жұмыс: ашық хат

«Жылы жүрегімізді» бейнелейтін ашық хат жасап, достарға және келген қонақтарға сыйлау ұсынылады. Бұл тапсырма мейірім, ризашылық және сыйластық сезімін күшейтеді.

Қорытынды ой

Сабақты қорытындылай отырып, балалар «Достық әлеміндегі» жақсы қасиеттермен танысады. Бұл қасиеттер татулыққа, достыққа, бірлікке және кешірімге тәрбиелейді.

Мақал-мәтелдер

  • Досы көпті жау алмайды.
  • Жолдасы көптің олжасы көп.
  • Бірлік болмай, тірлік болмайды.
  • Күлме досыңа, келер басыңа.

Өлең шумағы

Достық – әдеп сыйласаң,
Дос – өмірлік қимасың.
Дос – арыңдай қымбатты,
Достық сезім тым тәтті.

Достық – игі жақсылық,
Достық ниет – жақсы үміт.
Достық жасап адамға,
Достаса біл аманда.
Дос бол ізгі адаммен.

Рефлексия: «Жүректен жүрекке»

Сабақ соңында шеңберге тұрып, достық туралы ән айтылады: «Дос боламыз бәріміз».

Әні
И. Нүсіпбаев
Сөзі
Х. Талғаров

Күтілетін нәтиже

Білуі керек

Дос және достық ұғымдары туралы.

Болуы керек

Дос болу үшін қандай адам болу керектігін түсіну.

Қолынан келуі

Ашық хат жасап, оны сыйға тарту.

Автор туралы мәлімет

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Баутино ауылы, «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі — Аманғалиева Гүлнар.