Тігін машинасының шығу тарихы
Сабақ туралы жалпы мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Өнер іздеген өсер
- Сабақтың түрі
- Сайыс сабақ
- Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың білімін дамыту, икемділігі мен іскерлігін жетілдіру, шеберлігін қалыптастыру және ұқыптылыққа баулу. Сонымен қатар ақыл-ой, еңбек және эстетикалық тәрбие беру.
- Сабақтың әдісі
- Сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс
- Сабақтың формасы
- Ұжымдық, жеке
- Көрнекілігі
- Суреттер, кестелер, тігіс түрлері, интерактивті тақта, нұсқау карта
- Пәнаралық байланыс
- Математика, сызу, сурет, биология
Сабақтың барысы
-
I
Ұйымдастыру кезеңі
-
II
Жаңа сабақ жоспары
- • Таныстыру (төсбелгіні қорғау)
- • «Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады» (қол тігістерін қайталау)
- • Дөңгелек анкета: тігін машинасының шығу тарихы
- • Математикалық ойын
- • Тапқырлық: мата тану
- • Өнер: ою ойып алу
- • Қауіпсіздік ережесі
Сайыстың ашылуы
Жүргізуші сөзі
Асыл сөздің ұстасы
Ақын болар ұрпақсың.
Өнер, білім, еңбекке
Жақын болар ұрпақсың.
Оң саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақсың.
Тұла бойы тұнған бір
Өнер болар ұрпақсың!
Осы өлең жолдарымен сайыс сабағымыз басталады.
Бөлімдер бойынша жұмыс
I бөлім: Таныстыру
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
II бөлім: «Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады» (қол тігістерін қайталау)
Бекіту мақсатында оқушыларға тігіс суреттері салынған карточкалар таратылып, төмендегі жұмыстар орындалады:
- Тігіс түрлерін матаға тігу.
- Жұмыстың қалай және қайда қолданылатынын жазып, ауызша түсіндіру.
Қол тігістері (негізгі ұғымдар)
Көктеу
Бір немесе бірнеше бөлшекті көлемдері бірдей етіп, алдын ала белгіленген сызық бойымен түзу тігіп, уақытша біріктіру. Белдік пен бұйым бөлшектерін уақытша ұстатып тігуге қолданылады.
Біріктіріп көктеу
Қайтарылған шет пен қатпарларды уақытша ұстатып тігу. Бұйымның етегін, бүйір тігісін бүгіп тіккенде және қатпарларды бекіткенде қолданылады.
Қадау
Сәндік және әшекейлі фурнитураны бұйымға қадау. Түйме, ілгек секілді бөлшектерді сыртқы киімге бекіткенде қолданылады.
«Домбырасыз ән қайда?» дегендей, ортаға «Кеңес» күйі орындалады.
III бөлім: «Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы» (дөңгелек анкета)
Қазіргі замандағы тігін машинасы пайда болғанға дейінгі даму тарихына қысқаша тоқталамыз. Кестедегі жылдар бойынша әр шебердің қосқан үлесін анықтау ұсынылады.
| Жыл | Өнертапқыш | Түсіндірме |
|---|---|---|
| XV ғ. | Леонардо да Винчи | Тігін машинасына ұқсас идеялар мен жобалық нұсқалар. |
| 1755 | К. Вайзенталь | Қол тігісін жүргізуге арналған құрылғы үлгісі. |
| 1808 | Д. Пери | Бір жіпті жылдам тарқататын машина туралы жоба. |
| 1834 | Уолтер Хант | Алғашқы тәжірибелік үлгілердің бірі ретінде аталады. |
| 1844–1845 | Элиас Хоу | Ине мен ілмек принципіне негізделген жетілдірілген құрылым. |
| 1850–1851 | Ален Уилсон, Исаак Зингер | Қазіргі заманға жақын тігін машинасының қалыптасуы. |
| 1870 | Singer фирмасы | Компанияның құрылуы. |
| 1917 | Singer (Подольск) | Подольск қаласында тігін машинасын шығаратын зауыт ашылды. |
IV бөлім: Математикалық ойын
Көлденең және тік бағыттағы сандар арқылы әріптерді жазып, қосып сөйлем құрастыру. Сөйлемдерді біріктіргенде мақалдың шешуі шығады.
Жауабы
Ас – адамның арқауы.
V бөлім: Өнер (ою ойып алу)
Сегіз қырлы, бір сырлы,
Біздің балалар өнерлі.
Саусақтары майысып,
Меңгеріп те алыпты.
Ою сынды өнерді:
Қошқар мүйіз, қос мүйіз,
Бота мойын, қармақты.
Осы оюды балаларымыз
Қай бұйымға арнапты?
Бұл бөлімде оқушы оюдың суретін салып болғанша, келесі бөлім жалғасады.
VI бөлім: Тапқырлық (мата тану)
«Мата тану» тақырыбы бойынша торкөзден 7 сөзді табу. Әр сөз үзілмей, бір-бірімен байланысып тұруы керек. Тапқан сөздер бойынша ұпай қойылады.
Жауабы
VII бөлім: Қауіпсіздік ережесін еске түсіру
Берілген суреттер қалташаларға дұрыс салынған ба? Оқушылар 1, 2, 3, 4 деп қағазға белгілеп алып, жауаптарын ұсынады.
Ескерту
Қауіпсіздік техникасы тігін құралдарымен (ине, қайшы, машина) жұмыс істегенде міндетті түрде сақталуы тиіс.
Қорытынды
Мұғалімнің қорытынды сөзі: бүгін технология пәнінен алған білімдеріңізді сынға салдыңыздар. Бір-біріңізбен бәсекелесіп, ой жылдамдықтарыңызды көрсеттіңіздер, біліммен сайысып, үлкен еңбек жасадыңыздар. Қатысушыларға және қазылар алқасына рахмет!
«Білім – асыл қазыналы сандық, оны ашатын кілт – еңбек».
П. Буаст