Заттардың пішіндерін салыстыру

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы
Таң, күн, кеш, түн
Білім беру саласы
Таным
ҰОІӘ
ҚМҰҚ
Тәрбиеші
О. С. Отарова

Мақсаты

  • Тәулік бөліктері туралы түсінік қалыптастыру: таң, күн, кеш, түн.
  • 2 және 3 сандарын салыстыру; теңдік пен теңсіздікті ажырату.
  • Таныс заттарды пішіні мен өлшемі бойынша салыстыруға үйрету: үлкен, азырақ, аз.
  • Геометриялық пішіндер туралы білімді бекіту: текше, шар, үшбұрыш.

Сабақтың құрылымы

Дәлелдеу – ояту

Оқу іс-әрекетінің басында балалардың зейінін шоғырландыру және алдыңғы білімді еске түсіру жүргізіледі.

Ұйымдастыру бөлімі

  • Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
  • Өткен сабақ материалын еске түсіру.

Кеңістікте бағдарлау (өзіне қатысты)

  • Қазір қыстың нешінші айы?
  • Бөлме іші қандай?
  • Терезе қай жақта орналасқан?
  • Есік қайда орналасқан?

Өлшем және пішін

  • Орындықтың қалыңдығы қандай?
  • Үстел жұқа ма, әлде қалың ба?
  • Заттардың пішіндерін және ойыншық түрлерін салыстыру.
  • 1, 2, 3 сандарының орындарын ажырату және салыстыру.

Ұйымдастыру – іздену

Негізгі бөлімде тәулік бөліктері туралы ұғым кеңейтіледі, сұрақ-жауап арқылы уақытқа бағдарлау дағдысы қалыптастырылады.

Сергіту сәті (сұрақ-жауап)

  • Балалар, сендер таңертең нешеде тұрасыңдар?
  • Мектепке (балабақшаға) нешеде келесіңдер?
  • Сендерді ата-аналарың нешеде алып кетеді?
  • Түсте күн қай уақытты білдіреді?

Түсіндіру және қорытындылау

  • 3 қандай сан?
  • Бұл уақытта кеш болады.
  • Қыста кеш ертерек түседі.
  • Кештен кейін күн жарық бола ма? Жоқ, қараңғы болады — бұл уақыт түн деп аталады.

Негізгі ой

Таң атады, күн шығады, түс болады, одан кейін кеш келеді. Осылайша күн мен түн алма-кезек ауысып тұрады. Уақыт қайта оралғандай көрінгенімен, күн, ай, жыл өзгеріп отырады. Адам да өседі: бойы, ойы, тәжірибесі өзгереді. Көктем келгенде күн қайтадан ұзара бастайды.

Жұмбақтар

Төбесінде қаланың,

Аяғы жоқ — жүреді,

Езуі жоқ — күледі.

Жауабы: Күн

Шымылдық ішінде қап-қара,

Ұйықтап жат, дала, жат, қала.

Жауабы: Түн

Рефлекстік түзету

Пішіндерді ажырату және салыстыру арқылы білімді бекіту.

  • Сары түс неге ұқсайды?
  • Қара түс неге ұқсайды?
  • Көк түс неге ұқсайды?
  • Ақ түс неге ұқсайды?

Қосымша материалдар (жүктеу)

Оқу тақырыбын кеңейтуге арналған тапсырмалар мен үлестірмелер тізімі.

Таң, күн, кеш, түн

Үлестірме материал

Шар

Геометриялық пішін

Кеңістікте санау

Заттардың әр түрлі орналасуына байланысты

Алға–артқа, солға–оңға

Бағдарлау жаттығулары

4 саны және 4-ке дейін салыстыру

Заттар тобын салыстыру

Текше

Геометриялық пішін

Сандық және реттік санау

Санау дағдылары

Ұзындықты шартты өлшеуішпен өлшеу

Өлшеу тапсырмалары

5 саны және цифры

Келесі тақырыпқа дайындық