Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, Тауып айтқан сөзге шын жетпейдіӨзің білмесең, білгендерден үйрен, Үйренгеннен ештеңең кетпейді
«Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, Тауып айтқан сөзге шын жетпейді. Өзің білмесең, білгендерден үйрен, Үйренгеннен ештеңең кетпейді.»
Әлібекұлы Төле би
Жас мамандарды ұстаздық шеберлікке баулу
Мектепке келген жас маман көптеген қиындықтармен кездеседі. Оларға ұйымдастырушылық, коммуникативтік және басқа да қабілеттерді қамтитын практикалық тәжірибені игеруге жедел көмек көрсетілуі тиіс.
Ұстаздық шеберлікті қалыптастыру және қазіргі заман талаптарына сай жаңа сабаққа қойылатын талаптарды меңгерту мақсатында «Жас маман» атты зерттеу орталығы құрылды.
«Жас мамандар мектебі» туралы
Ақсай қаласындағы №5 жалпы білім беретін орта мектеп жанынан 2005 жылы «Жас мамандар мектебі» құрылып, арнайы жоспар бойынша өз жұмысын жүйелі түрде жүргізіп келеді.
«Жас мамандар мектебінің» құрамына еңбек өтілі 1–5 жыл аралығындағы мұғалімдер және олардың тәлімгерлері кіреді.
Негізгі мақсат
Жас мамандарға кәсіптік бағыт-бағдар беру, педагогикалық біліктілігін арттыру, әдістемелік және практикалық көмек көрсету арқылы оларды тәжірибелі ұстаздар қатарына қосу.
Бағыт-бағдар
Кәсіптік жолын айқындау, мектеп мәдениетіне бейімдеу, жұмыс үдерісін жүйелеу.
Қолдау
Әдістемелік көмек, практикалық дағдыларды нығайту, тәлімгерлік арқылы сүйемелдеу.
Күтілетін нәтижелер
-
Жас мамандардың белсенділігі артып, тәжірибесі молаяды.
-
Жылдық іс-жоспары мен танымдық ізденістерін көрсете отырып, әр маман өз кәсіби деңгейіне талдау жасайды.
-
Қазіргі заман талаптарына сай жаңа сабаққа қойылатын талаптарды меңгереді.
-
Әріптестерінің сыни көзқарасын саралап, алдағы жұмыс жоспарын нақтылайды.
-
Білім көзі тек кітап пен мұғалім ғана емес, жан-жақты ақпарат көздері екенін түсінеді.
-
Мазмұнды терең талдап, салыстырып, өз пікірін дәлелдей алады.
-
Ұжымда ынтымақтастық орнап, бірін-бірі құрметтеу және пікірді сыйлау мәдениеті нығаяды.
-
Мұғалім мен оқушы арасында демократиялық қарым-қатынас қалыптасып, өзара сенім мен сыйластық артады.