Жұмыстың нәтижесі

Ғылыми жоба (слайдпен)

Бәрі де «Шығанақтан» басталды…

9-сыныпта оқып жүргенде қазақ әдебиеті пәнінде Ғабиден Мұстафиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстық. Оқулықтағы «Шығанақ» шығармасынан үзінді оқи отырып, автордың еңбек жолы мен қаламгерлік әлеміне тереңірек үңілгіміз келді.

11-сыныпта да Ғабиден Мұстафин шығармаларын жалғастыра оқитынымызды ескере отырып, шығармада кездесетін қазақ халқының халық ауыз әдебиетіне қатысты үлгілерін жинақтап, зерттеу жүргізу идеясын таңдадық.

Жобаның мақсаты

Жазушының шығармашылығымен танысып, шығармадағы суреттеу тілі мен сөз саптауын, сөз қолдану ерекшелігін зерттеп, таразылау.

Күтілетін нәтиже

Жобада жинақталған материалдың сөздік қорымыздың алтын қазынасы екенін нақты дәлелдеу және мектеп мұғалімдерінің сабақта қосымша материал ретінде пайдалануына мүмкіндік беру.

Зерттеудің негізгі өзегі

Шығарма шырайын келтіретін суреттеу тілі, сөз саптау мәдениеті және мақал-мәтел мен нақыл сөздердің көркемдік қызметі.

Зерттеу құрылымы

Зерттеу барысы

  • Ғ. Мұстафиннің өмір жолындағы маңызды кезеңдерге мүмкіндігінше терең үңілу.
  • Шығармаларымен жақын танысу: оқу, талдау, салыстыру.

Зерттеу әдісі

Қаламгер туындыларынан тұрмыс-тіршілігімізге сай дәстүрлі ұғымдарды танытатын, әдебіміз бен әдетімізге, салтымыз бен қарапайым болмысымызға үйлес қолданылған мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді іздестіру, жинақтау және жүйелеу.

Зерттеудің жаңалығы

Жазушының халық ауыз әдебиеті қорына қосқан сүбелі үлесін айқындау: мақал-мәтелдерді зерделеп, олардың мән-маңызын нақтылау және қолданылу өрісін саралау.

Жұмыстың нәтижесі

Бұл зерттеу Ғабиден Мұстафиннің халықтың сөздік қорының байлығын танытып қана қоймай, уақыт өткен сайын құны артпаса кемімейтін асыл мұра екенін дәлелдейтінін көрсетеді. Қазақ мақал-мәтелдерінің өзегінде өсиет, ұлағат, тәлім, парасат және ізгілік жатыр.

Қорытындылардың практикалық қолданылуы

  • Тілдік көркемдік

    Мақал-мәтелдер — тіліміздегі сөздің көркі, ойдың дәлдігі мен ықшамдығын танытатын өрнек.

  • Күнделікті қолданыс

    Оларды өмірде орынды қолдану сөйлеу мәдениетін арттырып, ойды әсерлі жеткізуге көмектеседі.

  • Тәрбиелік мағына

    Мақал-мәтелдер арқылы бойымызда патриоттық, азаматтық және еңбекқорлық қасиеттерді қалыптастыруға болады.