Сандар сөйлейді ойыны
Атырау облысы • Исатай ауданы
Новобогат орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Құспанова Ш. Ж.
Қазақ тілі: «Сан есім»
Бұл сабақ жоспары сан есім туралы білімді тереңдетуге және сөз таптары жөніндегі түсінікті жүйелеуге бағытталған.
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың сан есім туралы білімдерін тереңдету арқылы сөз таптары туралы білімдерін бекіту.
Сабақтың міндеттері
- Білімділік: түрлі тапсырмалар орындау арқылы сан есім туралы білімдерін арттыру.
- Дамытушылық: нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер негізінде пікірталас, ойтолғау және шығармашылық жұмыстар жасауға жағдай туғызу.
Күтілетін нәтиже
- Топта ойланып, пікірлесіп, өз ойын дәлелдей алады.
- Сауатты жазуға төселіп, сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
- Сөйлем түрлерін ажыратуға арналған жаттығулар орындайды.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың технологиясы
Сатылай кешенді оқыту
Оқыту әдістері
- Айналмалы бекеттер әдісі
- Сократтың «қос сақинасы» әдісі
- Түрткі болу және қайта бағыттау сұрақтары
Оқыту формалары
Жеке, топтық, жұптық, ұжымдық
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, дүниетану
Техникалық құралдар
Интерактивті тақта, компьютер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сабаққа бағыттау және психологиялық дайындық.
- Оқушылар сөз таптары бойынша 3 топқа бөлінеді: зат есім, сан есім, сын есім.
II. Өткен материалды еске түсіру
Мақсаты
Жаңа білімді бұрынғы біліммен байланыстыра отырып, өтілген материалды жеңіл әрі түсінікті меңгерту.
Ойын: «Сандар сөйлейді»
Оқушылар сан есімдерді қолданып, берілген санға қатысты қасиеттерді айтады.
Мысал
7 — киелі сан: жеті қазына, жеті жұт, жеті қарақшы және т.б.
III. Жаңа білімді меңгеру
Мақсаты
Оқушы дербес әрекет етіп, тапсырмалар арқылы жаңа ұғымды бекітеді.
Оқулықпен жұмыс айналмалы бекеттер әдісі арқылы ұйымдастырылады. Оқушылар 473, 474, 475 жаттығуларын орындайды.
1-бекет
473-жаттығу
Тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып жаз:
- Асқар ... жаста.
- Ол ... сыныпта оқиды.
- Ағасы оған үнтаспа сыйлады.
- Үнтаспа ... теңге тұрады.
Талдау
Сан есімдерді табып, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын анықта: жеті, екінші, алпыс.
Ереже
Сан есім заттың санын және ретін білдіреді.
2-бекет
474-жаттығу
Тапсырма
Ребусты шеш. Шыққан мақал-мәтелді көшіріп жазып, сан есімдерді ата.
Ребустың шешуі (мақал)
«Күздің бір күні, қыстың бір айын асырайды».
Түсіндіру
Мақалдағы сан есім: бір. Оқушылар мақалдың мәнін түсіндіріп, ойтолғау жасайды.
3-бекет
475-жаттығу
Тапсырма
Бағандағы сөздерге сұрақ қойып, салыстыр:
| Сан | Жинақтық түрі |
|---|---|
| Бір | Біреу |
| Екі | Екеу |
| Үш | Үшеу |
| Төрт | Төртеу |
| Бес | Бесеу |
| Алты | Алтау |
| Жеті | Жетеу |
Сұрақтар
Неше? • Нешеу? • Нешінші?
Ереже
Сан есім неше?, нешінші?, нешеу? сұрақтарына жауап береді; заттың санын және ретін білдіреді.
Бағалау және кері байланыс
- Жазылым, айтылым, тыңдалым әрекеттері сабақ бойы жүйелі түрде орындалады.
- Топтар бірін-бірі өзара бағалайды.