Күштің түрлері
7-сынып
Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы
Бұл сабақта қысым ұғымы енгізіліп, оның формуласы мен өлшем бірлігі қарастырылады. Сонымен қатар қысымның қатты денелерде, сұйықтарда және газдарда берілу ерекшелігі түсіндіріліп, Паскаль заңы тәжірибе арқылы дәлелденеді.
Сабақтың мақсаттары
- Білімділік: оқушылардың танымдық қабілетін арттыра отырып, тақырып мазмұнын ашып түсіндіру.
- Дамытушылық: білім деңгейін көтеру, білімнің тұрақтылығын нығайту, оны игерудегі іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
- Тәрбиелік: адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа және әдептілікке баулу.
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмыс ырғағын қалыптастыру.
Үй тапсырмасын тексеру
I жартыжылдықта өткен тақырыптар бойынша қайталау сұрақтарына жауап беру:
- Зат құрылысы: зат неден тұрады?
- Диффузия және оның температураға тәуелділігі.
- Заттың күйлері: қасиеттері және молекулалық құрылысы.
- Механикалық қозғалыс және оның түрлері.
- Материялық нүкте. Жол және орын ауыстыру.
- Заттың тығыздығы.
- Күш: түрлері және күшті өлшейтін аспап.
- Деформация және оның түрлері. Гук заңы.
Жаңа сабақты түсіндіру
Кіріспе
Слайдтағы иллюстрациялар арқылы қысым ұғымы енгізіледі: күштің белгілі бір бетке қалай әсер ететіні және оның нәтижесі қалай сипатталатыны талқыланады.
Анықтамасы
Қысым — белгілі бір бетке перпендикуляр бағытта әсер ететін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама.
Формуласы және өлшем бірлігі
p = F / S
SI жүйесі: 1 Па = 1 Н / 1 м²
Қысымның берілуі: қатты дене, сұйық және газ
Қатты, сұйық және газ тәрізді денелердің молекулалық құрылысындағы айырмашылықтарды салыстыра отырып, қысымның берілуі түсіндіріледі. Әсіресе сұйықтар мен газдарда молекулалардың еркін қозғалысы нәтижесінде сырттан түсірілген қысымның ерекшелігі айқындалады.
Негізгі қорытынды
Сұйықтар мен газдарға түсірілген қысым барлық бағытта бірдей беріледі.
Тәжірибе
Паскаль шарының жұмысын көрсету арқылы қысымның сұйықтар мен газдарда барлық бағытта бірдей таралатыны дәлелденеді.
Бекіту
- 15-жаттығудан есептер шығару.
- Оқушылардың ойлау жылдамдығын дамытуға арналған логикалық есептер.
Сабақты қорытындылау
Негізгі ұғымдар жинақталып, қысымның анықтамасы, формуласы және Паскаль заңы бойынша қорытынды жасалады.
Оқушыларды бағалау
Сабақ барысындағы жауаптары, есеп шығаруы және талқылауға қатысуы бойынша бағаланады.
Үйге тапсырма
Қысым тақырыбын қайталау, формуланы қолдануға арналған қосымша есептер орындау және Паскаль заңының қолданылуына мысалдар келтіру.