Мәтінге талдау жасату
Сабақ тақырыбы
Абай Құнанбайұлы — «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі.
Сабақ мақсаты
Білімділік
Абай өлеңінің мәнін түсіндіру арқылы сол дәуірдің тынысын танытып, қазақ халқының мінез-құлық ерекшеліктерін ұғынуға жағдай жасау.
Дамытушылық
Абай шығармаларын оқу барысында адам бойындағы қасиеттерді саралауға, ой түюге, мәнерлеп сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ сипаттамасы
Түрі мен типі
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Сабақтың типі
- Жаңа сабақты меңгерту
Әдіс-тәсілдер
- Блум таксономиясы бойынша жұмыс
- Салыстыру, талдау
- INSERT әдісі және өзге де тәсілдер
Көрнекіліктер
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын қадағалау.
- Дәптерге күннің реті мен жаңа сабақ тақырыбын жаздыру.
II. Өткенді еске түсіру
- Қосымша сұрақтар қою арқылы жауап алу.
- Интерактивті тақтадан Абай суреті мен сабақ эпиграфын көрсету.
III. Жаңа сабақ
- Өлеңді тыңдау, оқу, талдау және пікір айту арқылы меңгерту.
- Дәптермен және оқулықпен жүйелі жұмыс жүргізу.
«Абай — қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, ел болуына ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер...»
Жаңа сабаққа жетелеу сұрақтары
- 1 Абайдың шығармашылығы туралы не білесіздер?
- 2 Абай өмір сүрген кезеңге сипаттама беріңіз.
Блум таксономиясы бойынша жұмыс
Білу
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңін «Абайтану әліппесі» аудио құралы арқылы (сөйлейтін қалам көмегімен) тыңдап, мәтінмен танысу.
Оқушылар өздері ұғынған мәліметтерін айтып, мәтін бойынша алғашқы талдау жасайды.
Кейін өлеңді Абайдың шығармалар жинағынан қарап, мәнерлеп оқып танысады.
Түсіну
Абай тіліне тән сөздерді түсіндіру арқылы өлеңнің астарлы ойына бойлау, мағыналық өзегін табу.
Оқушылар өлеңдегі бейне мен идеяны байланыстырып, қорытынды ой түйеді.
Өлеңге қысқаша талдау
Өлең алдымен қазақтың кескін-келбетін көз алдына әкеліп, кейін оның ішкі әлемін — мінезін ашады. Мұнда халыққа арналған терең ой бар.
Абай халықтың надандығын да, ел ішінде билікке ұмтылған әкімсымақтарды да сынға алады. «Қазағым, елім, жұртым» дей отырып, ол халық басындағы мұңға қинала үн қатады.
Іске жоқ бос күлкі, қу сөз, мылжыңдық пен бөспелік сыналады; бұлардың түпкі себебі ретінде өз малына өзі ие бола алмайтын, берекесі кеткен хәл суреттеледі.
Қосымша мәлімет
- Жазылған жылы
- 1886
- Көлемі
- 30 жол
- Мәтін алынған нұсқалар
- 1909, 1957 жылғы жинақтар және Мүрсейт қолжазбалары (1905, 1910).
Абай тілінің шағын сөздігі
Тыртың
Қолдан келмейтін іске тыраштану, бос әурешілік.
Қиқым
Бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы.
Ырық
Өз қалауы, еркі.
Сиық
Түр-тұрпат, көрік, түр-сұрық.
Қырт, қыртың
Көп сөйлеу, мылжыңдық.
Шырық
Берекені алу, мазалау.
Жұмыс нәтижесі
Өлеңді оқу және талдау арқылы оқушылар Абай көтерген қоғамдық мәселені түсініп, халық мінезі мен дәуір шындығын бағамдайды; сөздік жұмысы арқылы мәтіндегі көнерген және бейнелі қолданыстардың мағынасын нақтылайды.