Мұз жастанып азаттықтыі жолында, Тәуелсіздік туы тұрды қолында

Ар, намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан

Мұз жастанып азаттық жолында, тәуелсіздік туын қолына ұстап шыққан жас жүректердің ерлігі – ел жадында мәңгі. Сойыл мен таяқ үйірілсе де, олар шегінбеді. Отан үшін жанын қиған ұлдар да, азап шеккен қыздар да аз болған жоқ. Желтоқсанның ызғарын естіген сайын жүрек сыздап, өткеннің қасіреті қайта жаңғырады.

Желтоқсан – ұмытылмайтын күн, ұрпаққа тірек болатын тағылым. Бүгін егемендік – біздің еншіміз, сол ақ тілекке жеткізген жолдың бірі де осы Желтоқсан.

Салтанатты құттықтау

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қадірменді қонақтар, оқушылар! Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекелерінің бірі – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! «Ар, намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты салтанатты жиынымыз басталады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.

Желтоқсан – тәуелсіздікке бастар жол

Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған Желтоқсан оқиғасының тарихтағы орны айрықша. Бұл күн – халықтың намысын оятқан, елдік мұратты биікке көтерген кезең.

Елдікке аманат

Ту тігілді халқымыздың бағына. Жас өрендер желбіретіп, нық ұстасын. Ғасырларға жалғасатын елдіктің жолында ата-баба арына дақ түсірмей, биік ұстау – бүгінгі ұрпақтың парызы.

Ерлік – ұрпаққа үлгі

Ағалардың ерлігі мен еңбегі – өнеге. Тәуелсіздік туын жоғары ұстаған бүгінгі ұрпақ – елдің ертеңі. Ел болу – тек мәртебе емес, жауапкершілік.

Тарих сабақтастығы: Алаш мұраты

«Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын, ұранға Алаш деген атты аламын», – деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен Алаш арыстары қуғын-сүргінге ұшырап, сталиндік қызыл террордың құрбаны болды. Алайда олардың еркіндік идеясы өшкен жоқ: кейінгі буын сол аманатты арқалап, тәуелсіздік үшін күресе білді.

Көрініс

Назарларыңызға «Желтоқсан желі» атты видео-көрініс ұсынылады.

Қасірет пен қайсарлықтың ізі

Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасымен тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген – тексіз» деген сөз де осындайда айтылса керек: азаттықтың өзегі бабалардың ар-намысынан бастау алады.

Бейбіт шеруге шыққан жастардың бір бөлігі сол күндері қанды қырғында қаза тапты, аман қалғандары бүгін өздері аңсаған тәуелсіздіктің қызығын көріп отыр. Уақыт бәрін емдейді деп жұбансақ та, қыршын кеткен бауырлар еске түскенде, жан жарасы қайта ашылып, қайғының салмағы терең сезіледі.

Есімдері ел жадында

  • Қайрат Рысқұлбеков
  • Ләззат Асанова
  • Сәбира Мұхаметжанова
  • Ербол Сыпатаев

Тағзым

Желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастардың рухына бас иіп, бір минут үнсіздік жариялаймыз.

Желтоқсан – азалы күн, мәңгілік жады

Желтоқсан – тағдырларға азалы күн,
Қайраған намыстарын мазалы мұң.
Қыршыннан қиылған боздақтары
Қалар мәңгі есінде Қазағымның.