Кенді пайдалы қазбалар

Нүсіпбекова Г.Ш • Дүниетану • 3-сынып

Пайдалы қазбалардың түрлері

Бұл сабақ жоспары пайдалы қазбалар туралы бастапқы түсінікті кеңейтіп, олардың адам өміріндегі маңызын, пайдасы мен ықтимал зиянын түсіндіруге бағытталған.

Мақсаты

  • Білімділік: пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру; олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсіндіру; кен орындары, шартты белгілері және өндіру әдістері туралы мәлімет беру.
  • Дамытушылық: пайдалы қазбаларды ажырата білуге баулу; логикалық ой-өрісті дамыту; ізденушілік қабілетті арттыру.
  • Тәрбиелік: еліміздің қазба байлықтарын бағалауға тәрбиелеу; оларды үнемдеп пайдалану, қорғау және сақтау дағдыларын қалыптастыру; Отанға, туған жерге сүйіспеншілік сезімін ояту.

Сабақ туралы

Сабақтың типі
Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі
Сайыс сабағы.
Әдіс-тәсілдер
Ойын, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік.
Көрнекіліктер
Карта, слайд, суреттер, құрастырмалар.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл күйлерің қалай? Сабаққа дайынсыңдар ма? Бүгінгі дүниетану сабағын мен жүргіземін. Аты-жөнім — Ақбота Мейрамқызы.»

Психологиялық дайындық (ойын)

Ойын атауы: «Менің — саған».

  • Оқушылар орындарында отырып, көздерін жұмып, әуенді тыңдайды.
  • Мұғалім балалардың бірінің қолына «күннің көзі» белгісін береді.
  • Белгі түскен оқушы сыныптастарына жақсы тілек айтады.

Ауа райын бақылау

Сабақты бастамас бұрын бүгінгі ауа райын бақылап, табиғат құбылыстарын сипаттаймыз.

Аспанның күйі

Бұлтты/ашық/ала бұлтты

Температура

Жылы/салқын/суық

Жел бағыты

Бар/жоқ, бағыты

Судың күйі

Сұйық/мұз/қар

Үй тапсырмасын тексеру (Қармақ ойыны)

Үйге «Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы» мәтінін оқып келу тапсырылған. Қайталау үшін «Қармақ» ойынын ойнаймыз: суреттердегі адамдарға қажетті пайдалы қазбаларды «аулап», артындағы сұрақтарға жауап береміз.

  1. 1) Үй, зауыт, фабрика құрылыстарын салу үшін көп мөлшерде не жұмсалады?

    Тас, құм, саз, әк.

  2. 2) Металл не жасау үшін керек?

    Машиналар, ұшақ пен кеме, темір жол, көпір салу үшін.

  3. 3) Жерден қазып алып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстары қалай аталады?

    Пайдалы қазбалар.

  4. 4) Адам күнделікті тұрмыста пайдаланатын пайдалы қазбаға мысал келтір.

    Тұз.

  5. 5) Ас тұзын қайдан алады?

    Тұзды көлдердің түбінен алады.

  6. 6) Үй салуды ең алдымен неден бастайды?

    Іргетас құюдан бастайды.

  7. 7) Іргетастың үстіне не қаланады?

    Кірпіш қаланады.

  8. 8) Қандай пайдалы қазбаларды білесің?

    Мұнай, газ, тұз, көмір, темір және т.б.

  9. 9) Металды қайдан алады?

    Жер қойнауындағы кеннен бөліп алады.

Қорытынды: оқушылар үй жұмысына жақсы дайындалып келгенін көрсетеді.

Тақырыпты ашу

Тақтадағы суреттерге назар аударамыз: мұнай, газ, тас, темір, көмір. Оқушылар бұл суреттердің ортақ атауын табады.

Жауап

Пайдалы қазбалардың түрлері

Жаңа сабақ

Пайдалы қазбалар — жер қойнауынан қазып алынып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстары. Пайдалы қазбалардың түрі көп, олар қолданылуына қарай үш негізгі топқа бөлінеді.

1) Жанғыш пайдалы қазбалар

Тас көмір, мұнай, газ.

2) Кенді пайдалы қазбалар

Металл алынатын кендер (мысалы, темір кені).

3) Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

Құрылыс пен тұрмыста қолданылатын қазбалар (мысалы, құм, саз, әк, тұз).

Мысалдар мен кен орындары

  • Тас көмір кенінің аса ірі орны — Қарағанды.
  • Мұнай мен газ кен орындары Каспий маңы ойпатында және Маңғыстау түбегінде өте мол.