Шөпшек ауылы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы, М.Маметова атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Орынтаева Гульзайран Амангельдиновна ұсынған «Дүниетану» пәні бойынша 4-сыныпқа арналған сабақ жоспары.
Пән / Сынып
Дүниетану · 4-сынып
Тақырып
Отбасы
Мақсаты
- Оқушыларға туыстық жақындық ұғымын түсіндіру, «Отан — отбасынан басталады» қағидасының мәнін ашу.
- Отбасының «шағын мемлекет» екенін ұғындыру, туыстармен қарым-қатынас мәдениетін дамыту.
- Үлкендерді құрметтеуге, адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар отбасы және туған-туыс туралы мағлұмат алады.
- Үлкендерді құрметтеу арқылы адамгершілік құндылықтары нығаяды.
Әдістер мен ресурстар
Әдістер
СТО, ОүБ, АКТ, диалогтік оқыту.
Ресурстар
«Дүниетану» оқулығы (4-сынып), қима қағаздар, интерактивті тақта (ИТ).
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
II. Топқа бөлу
Оқушыларды топтарға бөліп, ынтымақтастыққа бағыттау.
III. Қызығушылықты ояту және үй тапсырмасын пысықтау
1) Жұмбақ (интерактивті тақта)
Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында қаны жоқ.
Май менен су қорегі,
Құстай ұша береді.
Жауабы: ұшақ.
Сабақта «ұшақпен ауылдарды аралау» идеясы арқылы тапсырмалар кезең-кезеңімен орындалады.
2) Үй тапсырмасын пысықтау
«Ата ауылы» кезеңі: «Қай топ жылдам?» ойыны.
- Биікке самғап ұшатын құстарды атау (мысалы: ұлар — 4500 м, дуадақ — 1800 м, тырна — 1100 м, бүркіт — 2100 м, шағала — 200 м).
- Қасиетті жануарлар туралы айту, мысал келтіру.
- «Әке ауылы» кезеңі: сөзжұмбақ шешу (оқушының еңбегі, үй құсы, орман жануары, дала/тау жануары, т.б.).
IV. «Бала ауылы» кезеңі
- Сергіту сәті.
- «Отан — отбасынан басталады» мақалын талдап, мағынасын ашу.
- Оқулықпен жұмыс.
V–VIII. Бекіту және қорытындылау
V. «Немере ауылы»
Тақырыпты бекіту тапсырмалары.
VI. «Шөбере ауылы»
Дәптермен жұмыс.
VII. «Немене ауылы»
Сабақты қорыту.
VIII. «Шөпшек ауылы»
Кері байланыс, бағалау, үй тапсырмасын беру.
Үй тапсырмасы
- Мәтінді оқу.
- Жанұя (отбасы) туралы мақал-мәтелдер жинақтау.