Қоңыржай белдеуінің табиғат зоналары
Күнделікті сабақ жоспары (География, 7-сынып)
Пән
Материктер мен мұхиттар географиясы
Сынып
7
Сабақ тақырыбы
Табиғат зоналары
Тақырыптар тізімі
-
21
Табиғат зоналары
-
22
Еуразия халқы және елдері
-
23
Солтүстік және Батыс Еуропа елдері
-
24
Шығыс Еуропа елдері
-
25
Оңтүстік-Батыс Азия елдері
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларды Еуразия материгінің табиғат зоналарымен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңызын түсіндіру.
Дамытушылық
Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту; шығармашылық жұмысқа ынталандыру; картамен жұмыс дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік
Өзге елдердің табиғатын танып-білу арқылы туған жер табиғатын сүюге, аялауға және қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ форматы
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Оқыту әдісі
Схема арқылы
Әдістемелік жабдықталуы
- Атлас карталар
- Оқулық
- Кескін карталар
- Карточкалар
- Суреттер
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сыныптың назарын сабаққа шоғырландыру.
Жаңа сабақ
Еуразия материгі Солтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін қамтиды. Сондықтан мұнда Солтүстік жарты шарға тән табиғат зоналарының барлығы дерлік кездеседі.
Табиғат зоналары материктің көп бөлігінде ендік бағытта, батыстан шығысқа қарай созылып жатады. Солтүстіктегі арктикалық аралдардан бастап тайгаға дейін зоналар тұтас алап түрінде орналасады.
Ал одан оңтүстікке қарай табиғат зоналары батыстан шығысқа қарай жіңішке жолақтар түрінде таралады. Еуразия табиғат зоналарының алуандығымен ерекшеленеді: экваторлық, тропиктік, қоңыржай, субтропиктік, субарктикалық және арктикалық зоналар.
Негізгі ой
Еуразияда климаттық белдеулердің толық дерлік жиынтығы бар, сондықтан табиғат зоналары да өте алуан түрлі және көбіне ендік бағытта таралады.
Жаңа сабақты бекіту (тест)
-
1) Қоңыржай белдеудегі ең ірі табиғат зонасы:
- A) тундра
- B) тайга
- C) шөл
- D) орманды тундра
-
2) Тайга мен жалпақ жапырақты ормандар аралығында орналасқан зона:
- A) шөлейт
- B) арктикалық шөл
- C) аралас орман
- D) шұраттар
-
3) Қоңыржай белдеуінің табиғат зоналары:
- A) арктикалық шөлдер
- B) қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар
- C) саванналар
- D) орманды дала және дала
-
4) Жер асты сулары жақын жатқан шұраттарда не өседі?
- A) панда
- B) грек жаңғағы
- C) құрма пальмасы
- D) лавр ағашы
-
5) Экваторлық белдеудің ылғалды ормандарында кездесетін әдемі құс:
- A) тотықұс
- B) тауыс
- C) тауық
- D) түйеқұс
-
6) Еуразияның оңтүстігіндегі аралдарға тән белдеу:
- A) қоңыржай
- B) тропиктік
- C) субтропиктік
- D) экваторлық белдеудің ылғалды ормандары
-
7) Шөл зонасының ортасында орналасқан атақты шөл:
- A) Такла-Макан
- B) Сахара
- C) Сарыарқа
- D) Қызылқұм
-
8) «Бамбук аюы» деп аталатын жануар:
- A) Гималай аюы
- B) гризли
- C) қоңыр аю
- D) панда
-
9) Орманды даланың негізгі жануары:
- A) кірпі
- B) жираф
- C) піл
- D) қасқыр
-
10) Шөлдердегі температура:
- A) 30°С – 40°С
- B) 40°С-қа дейін
- C) 50°С-қа дейін
- D) 40°С-тан жоғары
Қорытынды
Бүгінгі сабақта Еуразия материгінің табиғат зоналарының түрлерімен таныстық. Материалды бекіту үшін оқушылардың білімі тест арқылы тексерілді.
Үй тапсырмасы
-
§19–20 оқу.
-
Кескін картаға табиғат зоналарын түсіру.
-
Қосымша материалдар мен суреттер қорын жинап келу.