Квадрат теңдеудің формуласын жаз
Сабақ тақырыбы
Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулалары бойынша есептер шығару.
Сабақ типі
Білімді бекіту, қайталау сабағы.
Сабақ түрі
Практикалық сабақ.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, оқулық.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Білімділік
Есептер шығару арқылы квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, математикалық тілін және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Сабаққа ерікті түрде белсенді қатысуын ынталандыру, білімін көрсете алуын және топпен ұйымдасып жұмыс істеу қабілетін дамыту.
Сабақ барысы
Төмендегі бөлімдер сабақтың құрылымын және орындалатын әрекеттерді кезең-кезеңімен сипаттайды.
Жұмыс форматы
Топтық және практикалық тапсырмалар
III. Ұйымдастыру
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Сабаққа назарын аудару.
- Сабақтың мақсаты мен міндеттерін таныстыру.
- Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.
IV. Үй тапсырмасын тексеру
Әр топтан 4 оқушыдан тақтаға шығып, үй тапсырмаларын қорғайды.
Теңдеу
3x² − 6x = 0
Теңдеу
9x² − 12x + 4 = 0
Теңдеу
3x² − 2x + 7 = 0
Теңдеу
2y² − 9y + 10 = 0
V. Топтармен жұмыс
Теориялық бөлім: әр топқа теориялық сұрақтары бар слайд ұсынылады.
1-топ тапсырмасы
Теория- Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады?
- Квадрат теңдеудің неше түбірі бар?
- Квадрат теңдеудегі a, b, c сандары қалай аталады?
- Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?
- Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не?
2-топ тапсырмасы
Формулалар- Квадрат теңдеудің формуласын жаз.
- Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулаларын жаз.
- Келтірілген квадрат теңдеудің формуласы.
- Квадрат теңдеудің нақты түбірлерінің болуы неге байланысты?
- Дискриминантқа байланысты жағдайларды сипатта: D > 0, D = 0, D < 0