Жұрнақтарын ата

Сабақтың тақырыбы

Етістіктің шақтарын қайталау

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: өткен материалды тексере отырып, білім деңгейін тиянақтау, жинақтау, тереңдету; сөздік қорды дамыту.
  • Дамытушылық: есте сақтау қабілетін, салыстыра отырып ажырату дағдыларын дамыту; жинақылыққа, тез әрі ұтымды жауап беруге үйрету.
  • Тәрбиелік: салт-дәстүрін білетін азамат тәрбиелеу.

Сабақтың форматы

Түрі
Қайталау сабағы
Әдісі
Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, тест, әңгімелеу, мәтін құрастыру
Көрнекілігі
Суреттер

Сабақ құрылымы

  1. I Ұйымдастыру бөлімі (топқа бөлу)
  2. II Сұрақтар арқылы тапсырма орындау, берілген сөздермен мәтін құрастыру
  3. III Тест жұмысы
  4. IV Шығармашылық тапсырма, бағалау және үй тапсырмасы

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Сынып 4 топқа бөлінеді. Әр топ етістіктің шақтары бойынша сұрақтарға жауап береді және тапсырмалар орындайды.

I топ

Осы шақ
  1. Осы шақта тұрған етістіктерді ата.
  2. Осы шақ дегеніміз не?
  3. Осы шақтың түрлерін ата.
  4. Нақ осы шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
  5. Тұр сөзін жікте.
  6. Ауыспалы осы шақтың ауыспалы келер шақтан айырмашылығы неде?
  7. «Сен әңгіме айтып отыр.» — ауыспалы осы шақ па, әлде нақ осы шақ па?
  8. Мысалдарды талда:
    • «Ағаңда атақ, абырой толып жатыр.»
    • «Ана – біздің күніміз, біз – олардың гүліміз.»
    • «Гүл өсіп тұр.»

II топ

Өткен шақ / Келер шақ
  1. Жедел өткен шақ дегеніміз не?
  2. Мақсатты келер шақ деген не? «Келермін», «келмекпін» — қайсысы мақсатты келер шақ?
  3. Өткен шақ дегеніміз не? Түрлерін ата.
  4. «Қу өмір жолдас болмас.» — етістік қалай жасалып тұр?
  5. Етістік -а, -е, -й жұрнақтары арқылы жасалса, ауыспалы осы шақ па, ауыспалы келер шақ па? Қалай ажыратамыз?
  6. Есімше -атын, -етін, -итін жұрнақтары арқылы жасалса, ауыспалы шақтың қай түріне жатады (ауыспалы осы шақ, ауыспалы келер шақ, ауыспалы өткен шақ)?
  7. Болып сөзін жікте.
  8. Бұрынғы өткен шақ дегеніміз не? Жұрнақтарын ата.

Мысал сөйлемдер

  • «Көкпар – қазақ халқының ұлттық ойыны.»
  • «Көкпар ойынын ойнаған.»

III топ

Талдау және түрлендіру
  1. «Шәкәрім Стамбулда болған еді.» — сөйлемдегі етістікті талда.
  2. «Өткен іске өкінген едім.» — сөйлем мүшелерін талда. Етістік қалай жасалып тұр?
  3. Көсемше -ып, -іп, -п және есімше -ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары арқылы жасалса, өткен шақтың қай түрі болады?
  4. Келді сөзін жедел өткен шақта жікте.
  5. Мақсатты келер шақ дегеніміз не? Жұрнақтарын ата.
  6. Болжалды келер шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
  7. Ауыспалы осы шақ пен ауыспалы келер шақтың айырмашылығы неде?
  8. Келер шақ дегеніміз не? Түрлерін ата.

Мәтел

«Ою оймаған ойлап жарытпас.»

IV топ (қолдау қажет оқушылармен жұмыс)

  1. Сурет бойынша сөйлем құрастыру:
    • Біздің аула
    • Жидек тере барғанда
    • Еңбек етсең ерінбей
    • Әдептілік әдемі
    • Көмекшілер
  2. Етістіктің шақтары бойынша ережелерді сұрау және қайталау.

II. Сұрақтарға жауап беру және мәтін құрастыру

Сұрақтарға жауап бергенде тірек сөздер шығады. Сол тірек сөздер бойынша мәтін құрастырылады. Тапсырма: «Гүл», «Көкпар», «Ою» тақырыптарының бірін таңдап, қысқа мәтін жазу.

III. Тест жұмысы

  1. 1) Қай сөйлемде нақ осы шақта тұрған етістік бар?

    • Ақан мен Асан тау басына шықты.
    • Алма иісін аңқытып әлдеқайда әкетіп жатыр.
  2. 2) Қай сөйлемде ауыспалы өткен шақта тұрған етістік бар?

    • Мен жолдастарымнан көмегімді аяп көрген емеспін.
    • Ол кезде шаршауды білмейтінмін.
  3. 3) Болжалды келер шақта тұрған етістік қай сөйлемде?

    • Сәуле баққа кірді.
    • Жақсы жаныңа жолдас болар.
  4. 4) Қай сөйлемде жедел өткен шақтағы етістік бар?

    • Сахнада ән айттым.
    • Күн шайдай ашық.
  5. 5) Нақ осы шақтағы сөйлемді тап.

    • Алтынай би билеп жүр.
    • Жанар ән салады.
  6. 6) Көп нүктенің орнына мақсатты келер шақтың жұрнағын қой.

    Мұрат ұлттық гимназияға түсу үшін емтихан тапсыр...

    • а) -ар
    • ә) -мақ
  7. 7) Ауыспалы келер шақта тұрған етістікті тап.

    • Атасы алыс жолдан ертең оралады.
    • Әлібек күн сайын кішкентай інісін ойнатады.
  8. 8) Болымсыз етістік қай сөйлемде?

    • Әсел алма жеді.
    • Түнде тырнақ алма.
  9. 9) Қай сөйлемде сабақты етістік бар?

    • Теріс мінезді адам тірлікті бұзады.
    • Арам кісі жарымас.
  10. 10) Қай сөйлемде нақ осы шақта тұрған етістік бар?

    • Үйдің төңірегі қобырап жатыр.
    • Екеуінің әңгімесі аяқталмай қалды.

IV. Шығармашылық тапсырма: «Гүл неге жылайды?»

Берілген сөздерді негізге алып, дәлел келтіре отырып мәтін құрастырыңдар. Мәтінде етістіктің шақтарын орынды қолданыңдар.

Суық

Күн суытқанда тоңып, қараусыз, жылусыз қаламын ба деп жылайды.

Солу

Күтім болмаса, сәні кетіп, солып қаламын ба деп уайымдайды.

Жұлу

Орынсыз жұлып алып, өмірін ерте үзеді ме деп қорқады.

Таптау

Аяқасты болып, қадірі кетеді ме деп жылайды.

Байқамау

«Иісі қандай, өзі қандай әдемі» деп көңіл бөлмей, жанынан өтіп кете ме деп жылайды.

Талғамай бере салу

Әр гүлдің өзіне тән қасиеті бар: лайық адамын таппай, қадірін білмейтін жанға беріліп кете ме деп жылайды.

Тікеннің қаулап өсуі

Тікен басып, өсуіне кедергі болады ма деп налиды.

Күн көзінен таса қалу

Жарықсыз қалып, әлсіреймін бе деп жылайды.

Сусау (шөлдеу)

Су жетпей, бүрі жарылмай қалады ма деп қиналады.

Бағалау

Оқушылардың жауап беру белсенділігі, ережені меңгеруі, тапсырманы орындау сапасы және мәтін құрастыру дағдысы бойынша бағаланады.

Үй тапсырмасы

  • Етістіктің шақтары бойынша ережелерді қайталау.
  • Диктантқа дайындалу.