Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Ашық сабақ (4-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Дауыссыз дыбыстардың түрлері
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі
- Түсіндіру
- Талдау
- Сұрақ-жауап
Көрнекілігі
Сызбалар, суреттер және қосымша материалдар.
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік мақсат
Дауыссыз дыбыстарды жасалу орны, жасалу жолы, жасалу тәсілі, үн мен салдырдың ішкі сапасы, қатаң–ұяң сыңар құрауы бойынша толық сипаттатып, олардың табиғатын дұрыс танытып меңгерту.
2) Дамытушылық мақсат
Дыбыстық мінездеме (сипаттама) жасатуды үйрете отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту.
3) Тәрбиелік мақсат
Шығармашылық қабілеттерін шыңдау, ойлау мен танымдық белсенділікті арттыру, эстетикалық көзқарасқа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық: «Жүректен жүрекке».
Жұмыс форматы
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.
II. Жаңа сабақ
Бүгін дауыссыз дыбыстардың түрлерін анықтап, олардың ерекшеліктерін ажыратамыз.
1) Қатаң дауыссыздар
Тек салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстар қатаң дауыссыздар деп аталады.
Қатаң дауыссыздар:
к, қ, п, с, т, ш
2) Ұяң дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстар ұяң дауыссыздар деп аталады. Ұяң дауыссыздарда үннен гөрі салдыр басым болады.
Ұяң дауыссыздар:
б, г, ғ, д, ж, з
3) Үнді дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан гөрі үн басым болатын дыбыстар үнді дауыссыздар деп аталады.
Жұмсақ таңдайдың қалпына қарай:
Ауыз жолды
й, л, р, у
Мұрын жолды
м, н, ң
Тапсырма 1. Мақалды түсініп оқып, жаттау
Мағынасын ашып түсіндіріңдер.
Білім алмай «болдым» деме,
Еңбек етпей «толдым» деме.
Тапсырма 2. «Жұлдызшалар» әдісі
Жұлдызшаларды нөмір ретімен қойып, сөзді оқыңдар. «Толдым» сөзіндегі дауыссыз дыбыстарға дыбыстық мінездеме беріңдер.
Үлгі құрылымы
- Бұл — дауыссыз дыбыс. Себебі, ...
- Үн мен салдырдың қатысына қарай — (қатаң/ұяң/үнді) дауыссыз дыбыс. Себебі, ...
Қатаң дыбысқа
1) Бұл — дауыссыз дыбыс. Себебі, ...
2) Үн мен салдырға қарай — қатаң. Себебі, ...
Ұяң дыбысқа
1) Бұл — дауыссыз дыбыс. Себебі, ...
2) Үн мен салдырға қарай — ұяң. Себебі, ...
Үнді дыбысқа
1) Бұл — дауыссыз дыбыс. Себебі, ...
2) Үн мен салдырға қарай — үнді. Себебі, ...
Ауызша жұмыс: «Телефон» ойыны
Оқушылар тізбектей сөз немесе сөйлемді бір-біріне сыбырлап жеткізеді. Соңында айтылған нұсқа салыстырылып, дыбыстардың анық айтылуына назар аударылады.
III. Сабақты қорытындылау
Бағалау
Оқушылардың білім деңгейіне қарай бағалау.
Мадақтау
Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, кері байланыс беру.