Неше фигура салдыңдар
Білім беру қызметі туралы мәлімет
- Тақырыбы
- 5-ке дейін тура және кері санау
- Білім беру саласы
- Таным
- Оқу қызмет түрі
- Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Мақсаты
- Реттік санауды (1–5) үйрету және бекіту.
- «Қанша?» және «Нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету.
- Математикалық жұмбақтарды шешуге ынталандыру.
- Санның заттардың кеңістікте орналасуына тәуелді еместігін түсіндіру.
- Заттардың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету.
- Заттардың сұлбасынан геометриялық фигураларды табу дағдыларын дамыту.
Үлестірмелі материалдар
- Көліктердің суреттері
- Цифрлар жазылған карточкалар
- Геометриялық фигуралардан құрастырылған көліктер
Ойын: «Жұмбақтың шешуін тап»
Педагог балаларға 2, 3, 4, 5 сандарына байланысты жұмбақтар жасырады.
Жұмбақ
Екі аяғым оны
Кезек-кезек тебеді.
Тепкен сайын
Алысқа желеді.
Сұрақ: Жұмбақтарды шешуге қандай сандар көмектесті?
Жауабы: велосипедҚолданылған сандар: 2, 3, 4, 5.
1-тапсырма: көліктерді бояу және реттік санау
Нұсқау
- Гаражға кіріп бара жатқан көліктерді бояңдар: біріншісі — қызыл, екіншісі — сары, үшіншісі — жасыл.
- Сұрақ: Гаражға барлығы неше көлік кірді?
Тура және кері санау
Педагог түсіндіреді: гараждан шыққан кезде соңғы көлік — бірінші, ал бірінші көлік — соңғы болады.
Сұрақтар
- Жасыл машина гараждан нешінші болып шықты?
- Қызыл машина ше?
- Екінші қатардағы сары машина нешінші?
- Бірінші қатардағы қызыл машина ше?
- Бірінші қатардағы жасыл машина нешінші?
Сергіту минуты
Қимыл-қозғалыс арқылы зейінді сергітеміз:
2-тапсырма: фигураларды санау және цифрмен сәйкестендіру
Сұрақтар
- Үшбұрышта неше дөңгелек бар?
- Дөңгелекте неше шаршы бар?
- Шаршы мен дөңгелектегі фигуралардың саны туралы не айтар едіңдер?
Жұмыс түрі
Үшбұрыштағы және дөңгелектегі фигуралар санына сәйкес келетін цифрды бастырып жазыңдар.
Негізгі ой
Фигуралардың орналасуы өзгерсе де, саны өзгермейді.
Ойын: «Асық» (Луллия шеңбері)
Мақсаты
Балалардың терең ойлауын дамыту, өздігінен ізденіп, оқып-білу әрекеттерін меңгерту және санау тәсілдерін бекіту.
Ойын шарты
Екі бөліктен тұратын шеңбердің бір бөлігіне сандар жазылады. Екінші бөлігіне сол санға сәйкес асықтарды орналастыру керек (немесе түстеріне сәйкес іріктеу).
3-тапсырма: фигуралардан көлік құрастыру және санау
Педагог назар аудартады: 5 дөңгелек және 5 шаршы берілген. Олар әртүрлі орналасса да, сандары тең.
Арба үшбұрыш, дөңгелек және тіктөртбұрыштан құралады. Балалар фигуралардың суретін салады.
- Бесікарба қандай фигуралардан тұрса, шаршыларға сонша геометриялық фигураның суретін салыңдар.
- Сұрақ: Неше фигура салдыңдар?
Үлгі жауап
4-тапсырма: суреттегі жетіспейтін бөлшектерді толықтыру
Педагог машиналардың суретін көрсетеді. Суретші кейбір бөлшектерін салуды ұмытып кеткен. Жоғарыдағы машинаны мұқият қарап, төмендегі машиналардағы жетіспейтін бөлшектерді толықтырайық.
Ойын: «Өз орнын тап?»
Мақсаты
- Сандардың реті туралы білімді бекіту.
- Тура және кері санау дағдыларын жетілдіру.
- Байқағыштықты және жылдам орналастыру қабілетін дамыту.
- Ойын арқылы математикаға қызығушылықты арттыру.
Көрнекілік
1-ден 5-ке дейінгі сандар жазылған асықтар.
Барысы
- Тәрбиеші балаларға асықтарды таратады (асықтарда сандар жазылған).
- Балалардың міндеті — қолындағы сандарды тура немесе кері бағытта ретімен орналастыру: (1, 2, 3…) немесе (5, 4, 3…).
Қорытынды
Сабақ барысында балалар 5-ке дейін тура және кері санауды қайталап, реттік санауды қолданды, «Қанша?» және «Нешінші?» сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ фигураларды санап, цифрмен сәйкестендірді.
Автор туралы
- Қала / ауыл
- Атырау қаласы, Бірлік ауылы
- Мекеме
- №33 «Көркемай» балабақшасы
- Тәрбиеші
- Мусина Индира Шынтимировна