Каджарлар билігі кезіндегі Иранның жағдайы
Пән және сынып
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- XVII–XVIII ғасырлардағы Иранда Сефевидтер әулеті билеген кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды түсіндіру.
- Халықтың феодалдық езгіге түсуі және монархиялық тәртіптің орнығуын сипаттау.
- Ауған тайпаларының Қандағарға келуі, Сефевид мемлекетінің әлсіреуі, Мир Махмуд бастаған әскердің шабуылы және оның билікке келуі туралы баяндау.
- Нәдір шах тұсындағы Иранның ішкі және сыртқы саясатына шолу жасау.
- XVIII ғасырдың соңындағы ұзақ бақталастық күрес нәтижесінде Қаджар әулетінің билікке келуі кезіндегі Иранның жағдайын түсіндіру.
Дамытушылық
- Оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.
- Өз бетімен ізденуге бағытталған қосымша материалдарды оқуға дағдыландыру.
Тәрбиелік
- Адамгершілік құндылықтарды нығайту.
- Өз Отанына деген патриоттық сезімді қалыптастыру.
Сабақтың форматы және ресурстар
Түрі мен әдістері
Көрнекіліктер
- Карта
- Сызба-кесте
- Тест жұмысы
- Семантикалық карта
- Интерактивті тақта
Жетекші ұғымдар және негізгі түсініктер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқу құралдарын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру (§10. Жапония)
а) «Білімге жорық» (сұрақ-жауап)
-
Қытай мемлекетінің ең жоғарғы билеушісі қалай аталады?
Жауабы: император.
-
Жапонияда мемлекеттің әлеуметтік құрылысы қандай жүйемен енгізілді?
Жауабы: си-но-ко-се (си — самурайлар, но — шаруалар, ко — қолөнершілер, се — саудагерлер).
-
Жоңғар хандығындағы ең үлкен әкімшілік бірлік қалай аталады?
Жауабы: ұлыс.
-
Жоңғар билеушісінің лауазымы қандай?
Жауабы: қонтайшы.
-
Жоңғар хандығын күйреткен мемлекет?
Жауабы: Цин империясы.
-
Жоңғар хандығының соңғы ханы кім?
Жауабы: Әмірсана.
-
Жапондардың көбі ұстанған дін?
Жауабы: синтоизм.
-
Жапониядағы әлеуметтік топтың ең жоғарғысында тұрғандар?
Жауабы: самурайлар.
-
Самурайлар деп кімдерді атаймыз?
Жауабы: Жапониядағы әскери дворяндар.
-
Орта ғасырларда әскерлерді кімдер деп атады?
Жауабы: рыцарьлар.
-
Жапонияда «тірі құдайларға» кімдерді теңеді?
Жауабы: императорды.
-
«Цин» сөзінің мағынасы қандай?
Жауабы: «таза».
-
Араттар дегеніміз кімдер?
Жауабы: қарапайым шаруалар.
-
Ең алғашқы сегундық жүйені енгізген кім?
Жауабы: Минамото Ёримото.
-
Ең бай феодалдарды қалай атады?
Жауабы: даймё.
-
Жапония мемлекетінің астанасы?
Жауабы: Эдо (қазіргі Токио).
-
XVII ғасырдың басында Жапонияда билікке келген әулет?
Жауабы: Токугава әулеті.
-
Микадо кім?
Жауабы: император.
ә) «Кім жылдам?» (картамен жұмыс)
Картада үш мемлекеттің аумағы берілген. Олардың атауын анықтау.
III. Үй тапсырмасын бекіту
Бүгін біз XVII–XVIII ғасырлардағы Жапонияның әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстық. Токугава әулетінің сегундары Жапонияны 1867–1869 жылдардағы буржуазиялық революцияға дейін 265 жыл бойы басқарды.
Қазіргі таңда Жапония әлемдік аренада дамыған алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық және сауда байланыстары да жақсы жолға қойылған.
IV. Жаңа сабақ
Жоспар
- XVII ғасырдағы Сефевид әулеті билігі кезіндегі Иранның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- XVIII ғасырдың басында Сефевид мемлекетінің әлсіреуі.
- Нәдір шах тұсындағы Иранның ішкі және сыртқы саясаты.
- Қаджарлар билігі кезіндегі Иранның жағдайы.
1) Сефевид мемлекетінің аумағы (XVI–XVII ғғ.)
Сефевид мемлекетінің құрамына Иран жерімен бірге XVI–XVII ғасырларда жаулап алынған Закавказье, Кавказдың бір бөлігі, Мерв қаласына дейінгі Орта Азияның бір бөлігі, Ауғанстанның Герат, Фаррах және Қандағарды қамтыған батыс өңірлері, сондай-ақ Белуджистан кірді.
Ескерту: Бұл аумақтар карта арқылы көрсетіледі.