Ана құйрығы ұзын бес түлкі
Алматы облысы • Сарқан ауданы • Сарқан қаласы
Ы. Алтынсарин атындағы орта КММ
Мектепалды даярлық тобының жетекшісі: Кауменова Сания Құсайынқызы
Тақырыбы: «Достаса білейік»
Құндылық
Қиянат жасамау
Қасиеттер
Адамгершілік, шаттық, мейірімділік, қамқорлық
Сабақтың мақсаты
Балаларға «дос» ұғымын түсіндіру, бір-бірін ренжітпеуге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері
- Достасу — ерекше сезім екенін түсіндіру.
- Балалардың бір-бірін сыйлау дағдыларын нығайту.
- Мейірімділікке, қамқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ресурстар
Музыка
Баяу әуен
Үлестірмелі материалдар
Жүрек, гүл, күн, ағаш және т.б. суреттер
Мақал-мәтел
Дәйексөзбен жұмыс
Ән
«Достар әні» — сөзі: Фариза Оңғарсынова, әні: Айжігіт Асанов
Сабақтың өту барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Жылы байланысМұғалім балалардың көңіл күйін сұрап, бүгінгі сабақтың жағымды өтетініне сенім білдіреді.
Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»
Балалар денелерін тік ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Қаласа, көздерін жұмып, тыныс алу жаттығуын орындайды: ауаны терең жұтып, ақырындап шығарады.
Жаттығу музыка ырғағымен бірнеше рет қайталанады. Соңында балалар көздерін жайлап ашып, айналасына қарап, күлімсірейді.
2) Өткенді еске түсіру
Жақсы сөзБалалар орындарынан тұрып, жанындағы досына жылы тілектер айтады.
- «Сәлеметсің бе, … сен сүйкімдісің!»
- «Сәлеметсің бе, … сен қайырымдысың!»
- «Сәлеметсің бе, … сен ақылдысың!»
- «Сәлеметсің бе, … сен сабырлысың!»
- «Сәлеметсің бе, … сен мейірімдісің!»
3) Дәйексөз
Мақал-мәтелКүлме досқа — келер басқа.
Мұғалім мақалдың мағынасын сұрап, балалармен бірге талдайды. Мақал-мәтелді бірге қайталайды.
Талқылау сұрақтары
- Досқа күлуге бола ма?
- Бір-біріңді ренжітуге бола ма?
Негізгі ой
Досты мазақ ету — реніш тудырады; адам өз әрекетінің салдарын өзі көруі мүмкін.
4) Мұғалімнің сыйлығы: ертегі
Ертегі«Алты түлкі»
Бұрынғы уақытта алты түлкі дос болыпты. Алтауының біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі оны мазақтап, күле береді.
Шолақ түлкі олардың құйрығын қалай шолақ қылуға болатынын ойлайды. Бір күні: «Бір жақсы ойын ойнайық», — деп, түлкілердің құйрығын қарағайға байлап қояды да, өзі биік таудың басына шығып: «Мына жақта бүркіттер келе жатыр!» — деп айғайлап, қаша жөнеледі.
Бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп алады да, өздері де шолақ болып қалады. Сөйтіп, алтауының құйрығы бірдей болған соң, бір-бірін мазақтамайтын болыпты.
Түйін
Досқа күлуге болмайды. Досыңа жамандық ойлама — оның салдары өзіңе қайтуы мүмкін.
Талдау
Балалар ертегідегі кейіпкерлердің әрекетін талдап, «мазақтау» мен «қамқорлық» арасындағы айырмашылықты айтады.
5) Шығармашылық жұмыс: «Тосын сый»
СыйлықМұғалім: «Достарыңа не сыйлағың келеді?» — деп сұрайды. Балалар өз алдарындағы үлестірмелі суреттерді (жүрек, гүл, күн, ағаш және т.б.) бір-біріне сыйға тартады.
6) Сергіту сәті
ӘнБалалар «Достар әнін» хормен орындайды.
7) Үй тапсырмасы
Жеке жұмыс«Досқа сый»: балалар үйден өз қалауы бойынша достарына арнап сурет салып келеді.
8) Қорытынды
ТыныштықСабақ соңында балалар бір сәт тынышталып, баяу музыка тыңдайды.