Алкандардың қолданылуы

Курс және сабақ тақырыптары

Курс тақырыбы

Көмірсутектер және олардың табиғи көздері

Сабақ тақырыбы

Циклоалкандар: гомологтық қатары, құрылысы, изомерленуі, қасиеттері, алынуы және қолданылуы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Циклоалкандар туралы негізгі түсінік қалыптастыру.
  • Қаныққан көмірсутектердің жалпы формуласын, физикалық және химиялық қасиеттерін білу.
  • Қаныққан көмірсутектер мен циклоалкандардың қасиеттерін салыстырып, тиісті химиялық теңдеулерді жаза алу.
  • Циклоалкандарды алу әдістерін меңгеріп, табиғатта таралуына назар аудару.

Дамытушылық

  • Оқушылардың өз бетімен және ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
  • Әр оқушының танымдық белсенділігін арттыру, ой-өрісін кеңейту.
  • Есте сақтау қабілетін және талдау дағдысын жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Ынтымақтастыққа, өзін-өзі басқаруға және өзіндік бақылауға тәрбиелеу.
  • Байқағыштық пен жауапкершілікті қалыптастыру.
  • Кәсіптік бағдар беру.

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың түрі

Жаңа білім беру және жинақтау сабағы.

Сабақтың әдістері

Түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, баяндау, оқулықпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, тест сұрақтары, дидактикалық карточкалар (сұрақ-жауап).

Пәнаралық байланыс

Биология, экология.

Сабақ формасы

Жеке, топпен және топ ұжымымен жұмыс.

Сабақ типі

Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың дайындығын тексеру, сабақ мақсатын нақтылау және жұмыс ережелерін еске салу.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Өткен тақырыптар бойынша (алкандардың гомологтары, изомерлері, номенклатурасы, алынуы, қасиеттері және қолданылуы) сұрақ-жауап әдісі арқылы білімді тексеру.

III. Жаңа тақырыпқа өту

Циклоалкандар ұғымын енгізу: құрылысы, қасиеттері, алынуы және табиғаттағы таралуы бойынша негізгі бағыттарды белгілеу.

Тапсырмалар

I тапсырма. Сұрақ-жауап

Бекіту және қайталау

  1. Қаныққан көмірсутектер дегеніміз қандай көмірсутектер? Олардың жалпы формуласы қалай өрнектеледі? Неліктен «қаныққан» деп аталады?
  2. Көмірсутектер тізбегі неліктен ирек пішінді болады?
  3. Метан молекуласындағы көміртек атомының гибридтену түрі қандай?
  4. Метан молекуласында көміртектің гибридтенген электрон бұлтының кеңістіктегі пішіні қандай?
  5. CH4 қай көмірсутектер класына жатады?
  6. Метан табиғатта қайда кездеседі? Өз білгенің бойынша қысқаша түсіндір.
  7. Автокөлік бензинінің негізгі құраушысы — октан. Оның жану өнімдері қалыпты жағдайда қандай агрегаттық күйде болады? Өмірден мысал келтір.
  8. Бензиннің қандай маркаларын білесің?
  9. Бензиннің қолданылуы және жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсері туралы айтып бер.

II тапсырма. Топтық жұмыс

Интерактивті тақтамен жұмыс

1-топ

Алкандардың алынуы, изомерленуі және номенклатурасы.

2-топ

Алкандардың физикалық және химиялық қасиеттері.

3-топ

Алкандардың қолданылуы.

Нәтиже: әр топ «Топтастыру картасын» (кластер) құрып, сынып алдында қорғайды.

III тапсырма. Жекелей жұмыс

Сәйкестендіру

Алкандардың химиялық құрамы реттік нөмірмен, ал атаулары әріптермен берілген. Берілгендерді дұрыс жұптастыр.

ШҚО, Семей қаласы

Саменова Айнагүл Нұртаевна

Толық нұсқасын жүктеу