Ойын сабақ. Сабақтың типі

Топтамадағы сабақтар тізімі

  • 1 Сан есім
  • 2 Бастауышпен қоштасу
  • 3 Жақын ондыққа дейін толықтыру негізінде қосу және азайту (68+2, 70-2)
Қазақ тілі 2-сынып Ойын сабақ Жаңа білім

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Бұл сабақ 2-сынып оқушыларына сан есім туралы бастапқы түсінік беруге бағытталған. Сабақ ойын элементтері арқылы жүргізіліп, оқушылардың тілдік дағдыларын және ойлау қабілеттерін дамытуға басымдық беріледі.

Сабақтың мақсаты

Сан есім туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері

  1. 1 Сөйлем ішінен сан есімдерді табуға және оларға сұрақ қоя білуге үйрету.
  2. 2 Сөз таптарын ажырата білуге жаттықтыру, ойлау қабілеттерін және тілін дамыту.
  3. 3 Тапқырлыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу және адамгершілікке баулу.

Әдіс-тәсілдер мен ресурстар

Әдіс-тәсілдері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.

Көрнекіліктер

  • Жұмбақтар
  • Ребус
  • Тірек сызба
  • Сөзжұмбақ
  • Слайд

Сабақтың барысы

I

Ұйымдастыру: сабаққа әзірлік

Психологиялық дайындық ретінде оқушылар мына жолдарды мәнерлеп айтады:

Үлкенге де — сіз,

Кішіге де — сіз,

Баршаңызға құрметпен

Бас иеміз біз.

II

Үй тапсырмасын тексеру

Кіріспе әңгіме (сұрақтар)

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
  • Көктемде қандай өзгерістер болады?
  • Көктемде күн қандай болады?

Ойын элементі: «Күнді бұлттан құтқарайық»

Мұғалім: «Бүгін күніміздің бетін бұлт басып қалыпты. Күнді бұлттан құтқарайық. Ол үшін ішінде сын есімі бар сөйлемдер айтуымыз керек».

Оқушылар үй тапсырмасын оқып, сын есімі бар сөйлемдерін айтады. Әр дұрыс жауап сайын бұлт «алынып», күннің көзі ашыла түседі.

Күн ашылғаннан кейін мұғалім оқушыларды ынталандыру үшін марапат жүйесін енгізеді: сабаққа белсенді қатысып, тәртіпті болған оқушыларға жұлдызшалар беріледі.

Кім көп жұлдызша жинаса, сол оқушы жоғары баға алады.

Ереже

  • Белсенді жауап — бір жұлдызша
  • Тәртіп пен ынта — қосымша жұлдызша
  • Жұлдызша саны — бағаға әсер етеді