Кыдыр ата

Сценарий: Наурыз мейрамы

Мектепішілік мерекелік кештің жүргізушілер мәтіні, өлең жолдары, құттықтаулар, өнер көрсету және ойын бөлімдері.

І бөлім. Шашу және қарсы алу

Көрініс: Көңілді музыка қосылады. Сахнаға екі жақтан 4 қыздан шығып, шашу шашады.

1: Шашу! Шашу!

2: Сүйінші! Сүйінші! Жыл басталды!

3: Жаңа жыл келді!

4: Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Қазақ биі. Сахнаның сырт жағынан өлең оқылады:

Жыл басталды, жамағат, жыл басталды,

Шат күлкімен күтелік құрдастарды.

Көптен күткен, асыға ортамызға,

Наурыз келді, ағайын, жыл басталды.

ІІ бөлім. Жүргізушілердің құттықтауы

Көрініс: Көңілді музыка қосылады. Сыртқы есіктен жүргізушілер кіреді.

1-жүргізуші

Слушайте! Слушайте! И не говорите, что не слышали! И не говорите, что не видели! Наурыз идет к нам в гости! Добро пожаловать, Наурыз!

2-жүргізуші

Наурыз тойы басталды, текке қарап тұрмаңдар!
О, жараңдар, жараңдар — бәрің мұнда қараңдар!
Оятып шың мен асқарды, ерітіп мұз бен ақ қарды,
Нұрландырған даланы — Наурыз, көктем басталды!

1-жүргізуші

Добрый день, уважаемые гости! Мы приветствуем вас на праздновании весеннего праздника Наурыз — мейрамы. Наурыз мейрамы — это светлый весенний праздник пробуждения природы, вселяющий оптимизм и надежду на исполнение самых светлых и заветных желаний.

2-жүргізуші

Аманбысың, ардақты халқым менің!
Ардақта Наурыз тойын, салтыңды, елім!
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбектің жемісін түгел жегің!

Құрметті, бүгінгі кешке жиналған өнерсүйер қауым! Баршаңызды Самарқанның тасын еріткен Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз!

Маңызды ой

Наурызды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, бір-бірімізге ізгі тілек айту — мерекенің басты мәні.

1-жүргізуші

Наурыз встречают в добром расположении духа и высказывают друг другу самые добрые пожелания. Вот и мы сегодня здесь все вместе, чтобы встретить Наурыз, пожелать друг другу добра, благополучия и процветания.

2-жүргізуші

Олай болса, мектебіміздің мақтанышы, ақылшымыз әрі кеңесшіміз, басшымыз — Тәжібаева Ляззат Темірқызына құттықтау сөз кезегін береміз.

Өнер бағдарламасы: ән, би, жүргізуші мәтіндері

1-жүргізуші

Наурыз — это радость на лицах,
Этот праздник даров и щедрот.
День-деньской от души веселится
Хлебосольный, открытый народ.

2-жүргізуші

Наурыз қайта оралды — аты да аңыз.
Сұрамаймыз алғыста, ақы да біз.
Үй — дастарқан, даламыз — сахнамыз.
Ортаға __________ шақырамыз.

Ән: «Наурыз».

2-жүргізуші

Қиыры жоқ менің байтақ далама,
Әсем, көркем ауылыма, қалама —
Наурыз келді дүр сілкінтіп жерімді,
Сырлы әніңе құлақ түрмей бола ма?

Құрметті кеш қонақтары! Бүгін, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында, мектебіміздің ұстаздары — дарынды да талантты жандар — өз өнерлерін ортаға салады.

1-жүргізуші

Уважаемые гости! Сегодня, в преддверии великого праздника Наурыз, наши многоуважаемые, талантливые коллеги исполнят для вас лучшие песни из своего репертуара. А оценивать их өнері будут не менее многоуважаемые мужчины СШ №26.

Қатысушыларды таныстыру

2-жүргізуші

Олай болса, мектебіміздің жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар өнерпаздарын таныстырып өтейік. Бірінші болып өнер көрсететіндер:

  • Жабаева Зәуре Қайырбайқызы
  • Сағимбаева Айман Мақсұтқызы

№1

1-жүргізуші

А теперь на сцену приглашаем представителей кафедры естествознания — поющих соловьев:

  • Сагитжанова Бақытгүл Ерғалиевна
  • Душка Светлана Андреевна

№2

2-жүргізуші

Жан қалмасын жай тұрған, мәз болсын жас-кәріміз!
Келесі жұп шығады — қол соғайық бәріміз.

Ортада: Нұғыманова Санжан Сақұбайқызы және Ілжанова Алмагүл Қазымқызы

№3

1-жүргізуші

Радость, солнце и улыбки ты несешь нам, Наурыз! Всем шашу на радость дарим — будет щедрым Наурыз! И в качестве шашу примите песню следующей пары:

  • Жақыпова Айымгүл Ерболатқызы
  • Қонысбаева Мейрамгүл Аралбайқызы

№4

Ойын бөлімі: «Супер Лото»

1-жүргізуші

А теперь мы сыграем в игру «Супер Лото». Сейчас мы будем доставать жетоны из лототрона. Если выпавший номер совпадет с номером вашего билета, этот человек получит приз.

2-жүргізуші

Олай болса, сахнаға ________ шақырамыз. Мына қолымдағы қоржында асықтар бар, асықтарда билет сандары жазылған. Кімнің билет нөмірі аталса, сол адам ұтысқа ие болады.

(«Супер лото» ойыны ойналады.)

Қорытынды бөлім: қонақтар, қазылар, бата

1-жүргізуші

На сцену приглашаем незаменимую певицу Бақытгүл Ерғалиевнаны и представительницу нашей многоуважаемой администрации — Ляззат Аманжановнаны.

№5

2-жүргізуші

Жүріңдер, Наурыз тойға басып аяқ,
Қалыс адам қалмасын, неке-саяқ!
Ән шырқап, би билейік, қауым болып —
Өнерді аяп тұратын уақыт емес!

Осымен барлық жұптардың, яғни өнерпаздардың өнерін тамашаладық. Енді әділқазылар алқасы шешім шығарғанша, кезекті әнге кезек берейік.

Ән: ___________

Жүргізушілер

1: Жюри.
2: Қыдыр келіп бата берер ырыс күні, бұзылмасын елімнің тыныштығы!
Құт болсын, бақыт қонсын, бірлік болсын — нұр сыйласын елімнің тыныштығы!

Осындай өнерлі адамдарымыздың өркені өссін, қанаттары талмасын деген ниетпен баршамызға бата беруге Қыдыр атаны шақырамыз.

Көрініс

1-жүргізуші: Сүйінші! Сүйінші! Қуаныңдар! Қуаныңдар! Қыдыр ата келеді!

Қыдыр ата! Қыдыр ата! Бізге ақ тілегіңізді айтыңыз!

Қыдыр ата

Я, Құдайым, берсін,
Айтқаным келсін!
Жорытқанда жолың болып,
Мыңдаған жолдасың болсын!

Қазақтың туын биік ұстап,
Қазақтың атын кең дүниеге паш етіңдер!
Мереке құтты болсын!
Мен сендерге жер бетіндегі барлық жақсылықты таратамын.

(Осы кезде майшам ұстаған қыздар әр үстелге бір-бірден апарып қояды.)

2-жүргізуші

«Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деген қанатты сөз бар емес пе? Олай болса, Қыдыр атаның батасы қабыл болып, қазақ елінің туы биікте желбірей берсін!