Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету
Мұғалім туралы мәлімет
Аймақ
Райымбек ауданы
Мектеп
Ж. Ермегияев атындағы орта мектеп
Пән және мұғалім
Информатика пәні мұғалімі — Үсен Тоқтарбаев.
Информатикадан сабақ тақырыптары
-
1
Paint графикалық редакторы
5-сынып
-
2
Microsoft Excel кестелік процессоры
8-сынып
-
3
Дербес компьютер және оның құрамдас бөліктері
8-сынып
Сабақ тақырыбы
Paint графикалық редакторы
Сабақтың мақсаты
- Графикалық редакторда жұмыс істеуге үйрету.
- Сызықтардың түсі мен қалыңдығын өзгертуді меңгерту.
- Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың міндеттері
-
Paint графикалық редакторы туралы негізгі мағлұмат алады.
-
Paint-та сурет салып, түстермен жұмыс істей алады.
-
Салынған суреттерді файл ретінде сақтай алады.
Сабақ барысы
I кезең. Ұйымдастыру
- Психологиялық дайындық.
- Тренинг: «Жүректен — жүрекке».
- Бірлескен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
II кезең. Үй тапсырмасын тексеру
- Ой қозғау.
- «Кім тапқыр?» сайысы арқылы өткен тақырыпты еске түсіру.
- Мозаика әдісі арқылы 3 топқа бөлу.
- Paint туралы білетіндерін ортаға салып, өзара пікір алмасу.
- Түстер тақырыбы бойынша ой қозғау.
III кезең. Оқулықпен жұмыс
Жұмыс түрлері
Жекелей, жұптық және топтық жұмыс.
Ойлау тапсырмасы
Жасырылған жұмбақты шешу арқылы суреттерді компьютерге түсіріп, постер ретінде рәсімдеп, қорғау.
Практикалық тапсырма
Дөңгелек (шеңбер), төртбұрыш және сызық түрлерін қолданып, аққала және қар бейнесін салу. Дайын жұмысты «Аққала» атауымен сақтау.
Қосымша
Тапсырмалар орындау және сергіту сәтін ұйымдастыру.
V кезең. Бағалау
Әр оқушы бағалау критерийлері бойынша өзін-өзі бағалайды.
VI кезең. Қорытынды және рефлексия
Оқушылар стикерлерге өз пікірлерін жазып, сабақ бойынша кері байланыс береді.
VII кезең. Үй тапсырмасы
Paint графикалық редакторы бойынша тест құрастыру.
Қажет болса:
Толық нұсқасын жүктеу