Реформалардың отаршылдық сипаты

Сабақ тақырыбы

ХІХ ғасырдың 60-шы және 80–90-жылдарындағы әкімшілік реформалар.

Сабақтың мақсаты

  • Қазақстанда жүргізілген реформалардың сипаты мен маңызын түсіндіру; реформалардың негізгі мақсаты Қазақстанды басқарудың саяси жүйесін өзгерту болғанын ашып көрсету.
  • Реформалардың ерекшеліктерін атап, оларды 1822 жылғы Ережемен салыстыру арқылы отарлық сипатын айқындау.
  • Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту; тарихи үдерістерге қысқаша сипаттама беріп, қорытынды жасай білуге үйрету; ізденіс жұмыстарына ынталандыру және жеке көзқарастарын дәлелдеуге баулу.
  • Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Аралас

Сабақ әдісі

Интерактивті

Көрнекілік

Карта, сызба

Сабақтың барысы

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі.
  2. 2 Оқу құралдарын тексеріп, түгендеу.
  3. 3 Ел жаңалықтарына қысқаша шолу.
  4. 4 Оқушы зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру

  • Шынберілген қазақтардың қоныстанған жерлерін картадан көрсету.
  • Кестенің толтырылуын тексеру.

Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары

I. ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформалар

  • Патша үкіметі жүргізген реформалардың мақсаты, себептері және реформалаудың басталуы.
  • 1867–1868 жылдардағы реформаларға сәйкес әкімшілік-аумақтық бөлініс.
  • Басқару құрылымының ерекшеліктері.
  • Денсаулық сақтау және жерді пайдалану салаларындағы өзгерістер.
  • Реформалардың отаршылдық сипаты.

II. ХІХ ғасырдың 80–90-жылдарындағы әкімшілік реформалар

  • Торғай және Орал облыстарында көтерілістердің басталуы.
  • Маңғыстаудағы көтеріліс.
  • Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары.
  • 80–90-жылдардағы әкімшілік реформалардың мазмұны.