Балалардың пішіндер туралы білімдерін толықтыру, оларды ажыратып атай білуге үйрету

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы
Таным
Бөлімі
ҚМТҚ
Тақырыбы
Сиқырлы пішіндер
Көрнекілігі
Геометриялық пішіндер, суреттер

Мақсаты

  • Балалардың пішіндер туралы білімін толықтыру, пішіндерді ажыратып, дұрыс атай білуге үйрету.
  • Зейінін және есте сақтау қабілетін ойын арқылы дамыту, қызығушылығын арттыру.
  • Өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар, қане, шеңбер жасайық. Бүгін бізге көп қонақ келді, бәріміз амандасайық.

Сәлемдесу

Сәлем деймін, күнге мен! Сәлем деймін, мен саған! Сәлем деймін, апайға, Қонақтарға, құстарға.

Жылулық шеңбері

Елімізде тыныштық болсын! Аспанымыз ашық болсын! Деніміз сау болсын! Әр күніміз сәтті болсын!

Сұрақ-жауап

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Көктем мезгілінде қанша ай бар?
  • Қазір қай ай?
  • Көктемде ауа райы қандай болады? Қандай өзгерістер байқадыңдар?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Математика бөлімі

Қазір бізде математика сабағы. Біз нешеге дейін санай аламыз? Балалар, санамақ айтып көрейік.

Санамақ

1, 2, 3 — Ал, қанеки, ұш! 4, 5, 6, 7 — Мынау ауылдың шеті. 8, 9, 10 — Ал, қанеки, қон!

Негізгі бөлім: тапсырмалар мен ойындар

1-тапсырма: «Қорапта не бар?»

Балалар, мына қорапта не бар екенін білгілерің келе ме? Ендеше қорапқа қолымызды салып, ішінен пішіндерді табайық.

Сезім мүшелері арқылы тану

Балалар қарақұмықтың ішінен геометриялық пішіндерді іздеп табады және олардың атауын айтады.

дөңгелек үшбұрыш шаршы төртбұрыш

2-тапсырма: «Өз пішініңді тап» ойыны

Тәрбиеші пішіндерді атайды. Балалар өзіне тиесілі пішінді тауып, соған жиналады.

Дөңгелек туралы тақпақ

Мынау емес төртбұрыш, Мынау мүлде жоқ бұрыш. Бұның аты — дөңгелек, Дөңгелекті дөңгелет.

Үшбұрыш туралы тақпақ

Үшбұрышты білеміз, Табанында жүреміз. Төбесінен сырғанап, Құлап қалсақ күлеміз.

Шаршы туралы тақпақ

Төрт бұрышы тең болса, Төрт қабырғасы тең болса, Жауап берер балақай, Ой-өрісі кең болса.

3-тапсырма: Суретпен жұмыс

Балалар суреттерге қарап, заттардың қай геометриялық пішінге ұқсайтынын анықтайды.

Салыстыру және сәйкестендіру

Сергіту сәті

Ормандағы аю, қонжық, Ұялардан бал іздеді. Орман ішін аралады, Ағаштарды сілкіп көрді. Оңға бір, солға бір — Ағаштарды сілкіп көрді. Орман ішін аралады, Қуанғаннан билей берді.

4-тапсырма: «Кім шапшаң?»

Шарты

Үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, дөңгелек пішіндері ұсынылады. Тәрбиеші бір пішіннің атын атағанда, балалар сол пішінге тез жиналады.

Шығармашылық жұмыс

Енді осы пішіндерден әртүрлі заттар құрастыруға болады. Балалар өздеріне ұнаған затты пішіндерді пайдаланып құрастырады.

Қорытынды

Балалар, бүгін бәрің өте жақсы жұмыс жасадыңдар.

Қорытынды сұрақтар

  • Біз қандай пішіндерді қайталадық?
  • Пішіндерден қандай заттар құрастырдық?

Күтілетін нәтиже

Балалар геометриялық пішіндерді ажырата біледі және оларды дұрыс атайды.

Автор туралы мәлімет

Өңірі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы
Мекемесі
«Аяла» балабақшасы
Тәрбиеші
Қалабаева Н. Ұ.