Мүсіндеу өнері Мүсіндеу - көркем өнердің бір түрі

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Оқушыларға мүсін өнері туралы жалпы түсінік беру.

Білімділік

Негізгі ұғымдармен таныстыру; мүсіннің жасалу жолдары мен заңдылықтарын түсіндіру және есте сақтауға бағыттау.

Тәрбиелік

Таза, ұқыпты, көркем жұмыс істеуге баулу; адамгершілік пен мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық

Көру, есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту; еңбек белсенділігін арттыру; ой-өріс пен қиялды кеңейту.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
  • Сабақтың тақырыбын хабарлау.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ:

Кеңістік перспектива дегеніміз не?

Кеңістік перспективада табиғаттағы көкжиек сызығы қағаз бетінде де көкжиек сызығына параллель түрде бейнеленеді.

Жаңа сабақ: Мүсіндеу өнері

Анықтама

Мүсіндеу — көркем өнердің бір түрі. Оның негізгі объектісі көбіне адам болып табылады.

Мүсіндеудің негізгі түрлері

Жұмыр мүсін

Үш өлшемді пішін: кеңдік, биіктік, қалыңдық.

Рельеф

Жазықтық бетінде орындалып, көрінісі бір жақтан қарағанда анық байқалатын мүсін түрі.

Барельеф

Жартылай сомдалған бейне жазықтық бетінен аз ғана шығып тұрады.

Горельеф

Бейне жазықтықтың жартысынан көбірек көлемде шығыңқы болып келеді.

Негізгі ұғымдар

Мүсінші

Сазбалшықты (немесе өзге материалды) өңдеп, қашап, сомдап мүсін жасайтын адам.

Мүсіндеу техникасы

Жабыстыру, ою-ойма, шекіме, гальванопластика, металдау, құю.

Мүсін жанрлары

Монументтік мүсін

Ұлы тұлғаларға немесе тарихи оқиғаларға арналып орнатылатын, асқақ әрі мәнерлі ескерткіштер. Мұнда ірі идеялар жинақталады.

Қондырғылы (станокты) мүсін

Көбіне портрет түрінде ұсынылады. Жанрлық мүсіндеу де маңызды орын алады: бір адамның тұлғасын немесе адамдар тобын бейнелеу.

Материалдар

Мүсін әртүрлі материалдардан жасалады: фарфор, ағаш, сүйек, тас. Материалға қарай түсі мен фактурасы да әртүрлі болады.

Қазақ мүсін өнеріндегі тұлға

Алғашқы қазақ мүсіншілерінің бірі — Хакімжан Наурызбаев. Ол 1951 жылы Харьков көркемсурет институтын бітіргеннен кейін портрет және монументтік-сәндік мүсін бағытында еңбек етті.

Практикалық жұмыс

Тапсырма: ат мүсінін жасау

Бүгін оқушылар аттың мүсінін жасайды. Қазақ халқында жүйрік ат — жеті қазынаның бірі, сондықтан жылқыны ерекше қадірлеген.

  1. 1 Пластилинді алып, жұмысқа кірісіңдер.
  2. 2 Тақтадағы көрнекілікке сүйеніп, аттың пішінін ұқыпты сомдаңдар.
  3. 3 Дене бөліктерінің пропорциясын сақтап, аяқ-қол, бас және құйрық бөлшектерін нақтылаңдар.

Үй тапсырмасы

Биыл қой жылы болғандықтан, үйге қойдың мүсінін жасап келу.